322
Нуржігіт Алтынбеков
Көз алмасы.
Көз алмасында
алдыңғы
және
артқы полюстерді
,
polus anterior et polus posterior
,
ажыратады. Алдыңғы полюс көз алмасының
алдыңғы дөңесінің ортасына, артқы полюс
артқы дөңесінің орталығына (көру нервінен 2-3 мм сыртқа) сәйкес келеді. Көздің екі
полюсін
қосатын сызық
көз алмасының сытқы білігі, axis bulbi externus,
деп аталады,
оның ұзындығы 24 мм. шамасында болады. Сыртқы біліктің
мөлдір қабықтың артқы
бетінен торлы қабықтың ішкі бетіне дейінгі бөлігі,
көз алмасының ішкі білігі, axis bulbi
internus,
деп аталады(21,75 мм. шамасында). Алдыңғы полюстен торлы қабықтың орталық
шұңқыршасына дейін,
ішкі білікпен қиылысатын,
көру білігі, axis opticus,
өтеді. Көз
алмасының ақ қабық арқылы өтетін ең үлкен көлденең өлшемі -
экватор, equator,
77,6
мм. шамасында болып келеді. Экваторға
перпендикулярлы бағытта өтіп, екі полюсті
қосатын сызықтар
меридиандар, meridiani,
деп аталады.
Көз алмасы қабықтардан және ядродан түзілген.
Достарыңызбен бөлісу: