Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет287/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
дене және ақ қабықпен байланысады. Қырлы байлам талшықтарының аралықтарында 
Фонтан кеңістіктері 
деп аталатын саңылаулар орналасқан. Нұрлы қабықтың ішінде 
бірыңғай салалы: дөңгелек бағыттағы 
қарашықты тарылтатын бұлшықет, m. sphincter 
pupillae, 
және тарамдалған (радиарлы) 
қарашықты кеңейтетін бұлшықет, m. dilatator 
pupillae, 
орналасады. Көзге түсетін жарық көбейгенде қарашық тарылады, жарық 
азайғанда кеңейеді. 
Кірпікті дене, 
corpus сiliare, 
тамырлы қабықтың ортаңғы қалыңдаған бөлігі, ол 
нұрлы қабықтың артында, ақ қабық пен мөлдір қабықтың шекарасы аймағында 
орналасқан. Кірпікті дененің: алдыңғы 
кірпікті тәж, corona ciliaris, 
және артқы , 
кірпікті шеңбер, orbiculus ciliaris, 
деп аталатын екі бөлігін ажыратады. Кірпікті тәж 
тамырларға бай,тарамдала (радиарлы) бағытталған 70 
шамасындағы 
кірпікті 
өсінділерден, processus ciliaris, 
түзілген. Оларда 
сулы ылғал, humor aquosus, 
түзіліеді. 
Кірпікті тәж бен көзбұршақтың қапшығын 
кірпікті белдеу, zonula ciliaris, 
байланыстырып 
тұрады. Кірпікті шеңбер 
кірпікті бұлшықеттен, m. ciliaris, 
түзілген. Кірпікті бұлшықет 
жиырылған кезде 
zonula ciliaris
, босаңсиды да көзбұршақтың дөңестігі ұлғаяды, ал, 
кірпікті бұлшықеттің жиырылуы тоқтап, бұрынғы қалпына келген кезде, көзбұршақтың 
дөңестігі кішірейіп, көздің анық көруі (аккомадациясын) қамтамасыз етіледі. 
Меншікті тамырлы қабық, 
choroidea, 
ақ қабықтың кірпікті денеге дейінгі бүкіл 
дерлік бөлігін ішкі жағынан жауып жатады. Тамырлы және ақ қабық арасында тар 
саңылау тәрізді 
меншікті тамырлы қабық жанындағы кеңістік, spatium perichoroidale, 
орналасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет