Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Көз алмасының ішкі қабығы



Pdf көрінісі
бет288/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

Көз алмасының ішкі қабығы
tunica interna bulbi, 
немесе 
торлы қабық, 
retina,
тамырлы қабықтың ішкі бетіне (қарашыққа дейін) тығыз жанасып жатады. Оның 
көру және “соқыр” бөліктері болады. 
Көру бөлігі

pars optica retinae
, меншікті тамырлы 
қабыққа сәйкес орналасқан. Торлы қабықтың “соқыр” бөлігі кірпікті дене мен нұрлы 
қабықты ішкі жағынан жауып жатады. Көру бөлігінде, сыртқы – 
пигментті бөлікті, pars 
pigmentosa
, және ішкі – 
нервтік бөлікті, pars nervosa, 
ажыратады, оның құрамында жарық 
қабылдағыш жасушалар - 
таяқшалар 
мен 
сауытшалар 
орналасады. Аталған жасушалар 
көру бөлігінің тереңінде орналасады да (тамырлы қабық жағында) , жарықты қабылдап, 
нервтік импульске айналдырады. Нервтік импульс (ақпарат) таяқшалар мен 
сауытшалардан, беткей орналасқан биполярлы нейрондарға, ал олардан мультиполярлық 
(ганглионарлық) нейрондарға жеткізіледі. Бұл нейрондардың аксондары шыны- тәрізді 
денеге қарай беткей шығып
көру нервін,n.opticus, 
түзеді. Сауытшалар күндіз жарық 
сәулелерін қабылдап, түрлі –түсті көруді қамтамасыз етсе, таяқшалар қараңғылықта 
жұмыс атқарады. 
Торлы қабықтың ішкі бетінде диаметрі 1,5 мм. шамасындағы ақшыл түсті, көз 
алмасынан көру нервісінің шығатын жері 
көру нервісінің дискі, discus nervi optici, 
көрінеді. Оның ортасында кішкене 
диск ұңғылы, excavatio disci, 
орналасқан, бұл дискте 
жарық сезгіш нейрондар болмайды, сондықтан 
соқыр дақ 
деп, аталады. Соқыр дақтың 
латералды жағында (шамамен 2-3 мм.) сарылау түсті 
дақ, macula, 
орналасқан, оның 
ортасында кішкене 
орталық шұңқырша, fovea centralis, 
жатады. Бұл жерде түрлі – түсті 
көруді қамтамасыз ететін сауытшалардың ғана орналасуына байланысты, дақ – ең жақсы 
көру аймағы болып табылады. Торлы қабықтың басқа бөлігінде таяқшалар орналасады. 


324 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет