Нуржігіт Алтынбеков
Бассүйектің жыныстық ерекшеліктері
Адам сүйегінің жыныстық ерекшеліктері болымсыз. Сондықтан еркек пен
әйел сүйектерін бір-бірінен айыру біршама қиындықтар тудырады. Әр
уақытта анық көрінбейтін жыныстық ерекшеліктерге тоқтала кетуді қажет
деп санадық.
Олар төмендегідей:
1.
Еркек бассүйегінің сыртқы бетінің
бедері
(қырлар, сызықтар, төмпелер)
жақсырақ жетілген, қабақүсті доғалар көлемділеу, шүйде шодыры
күштірек
жетілген.
2.
Әйел бассүйегіндегі көзұя салыстырмалы кеңірек.
3.
Еркек бассүйегіндегі ауалы қойнаулардың көлемі үлкендеу.
4.
Еркек бассүйегі әйел бассүйегіне қарағанда қалыңдау.
5.
Еркек төменгі жақсүйегі салмақтылау, көрнектілеу.
6.
Еркек төменгі жақсүйегі тармақтарының бұрыштары көбінде тік болып
келсе, әйелдерде жазықтау.
7.
Еркектерде бассүйектің беттік, ал әйелдерде мисауыт бөліктері жақсы
жетілген.
Бассүйек рентгенанатомиясы
Бассүйекті зерттеуге дәстүрлі жобалар қолданылады: тік, бүйір,
аксиальды (қиғаш) және арнайы жағдайларда орналастыру. Бассүйектің
пішімін анықтау үшін рентгенограммаларда фронтальды, сагиттальды және
вертикальды көлемдерінің өлшемдерін анықтайды.
Фронтальды көлемі
(бассүйектің ені) – шүйде сүйектердің бір-бірінен
өте алшақ нүктелерінің қашықтығы (тік жобасында өлшенеді)
Сагитталды көлемі
(бассүйектің ұзындығы) – маңдай және шүйде
сүйектер қабыршақтарының бір-бірінен өте алшақ нүктелерінің қашықтығы.
Вертикальды көлемі
(бассүйектің биіктігі)
74
Нуржігіт Алтынбеков
Сыртқы есту өтісімен шеке сүйектің ішкі табақшасына дейінгі
перпендикуляр бойымен өтеді.
Сагиттальды және вертикальды көлемдер бүйір жобаларда орындалған
рентгенограммаларда өлшенеді.
Фронтальды және сагиттальды көлемдердің өзара қатынастарынан
бассүйектің пішімін анықтайды (долихо-, мезо-, немесе брахикрандық).
Долихокрандарда (ұзынбастылар) сагиттальды көлем, ал брахикрандарда
(тайпақбастылар) фронтальды көлем басыңқы болса, мезокрандарда
(домалақбастылар) олар тепе-тең.
Бассүйек биіктігіне сәйкес үш топқа: ұзын – гипсицефаликалыққа, қысқа –
платицефаликалыққа және ортаңғы – ортоцефаликалыққа бөлінеді.
Бассүйектің тік жобасының рентгенограммасында ең алдымен көзұяны,
мұрын қуысын қалыптастыратын түзілістерге, жоғарғы жақсүйек
аймағындағы анатомиялық құрылымдарға көңіл аудару қажет.
Маңдай және жоғарғы жақсүйек қойнаулары және үлкен шүйде
тесігінің көлемдері, сипаттары, пішіндері зерттеліп бағаланады.
Рентгенограмманың бүйір жобаларынан бассүйек шұңқырларын, ми сауыты
сүйектерінің қалыңдығымен бедерлерін бағалауға болады.
Түрік ер-тоқымы, сынатәрізді және маңдай қойнауларының көлемі мен
пішініне жеке көңіл аудару қажет. Түрік ер-тоқымының пішіні мен көлемін
жан-жақты зерттеу, онда орналасқан гипофиз туралы толық мәлімет алумен
тең. Д.Т.Рохлиннің деректері бойынша түрік ер-тоқымының үш түрін
айырады:
-
фетальдық-горизонтальды орналасқан сопақша пішінді кішілеу ер-тоқым.
-
инфантальдық-вертикальды орналасқан сопақша пішінді үлкен ер-тоқым.
-
ересек- горизонтальды орналасқан сопақша пішінді үлкен ер-тоқым.
Бассүйек – милық жарақаттармен ауырғандардың бассүйектерін рентгенологиялық
|