Нуржігіт Алтынбеков
саны да азайды. Есту сүйекшелерімен мұрын қуысын ауыз қуысынан бөлуші
қатты таңдай пайда болды.
Сүтқоректілер бассүйегіне тән: 1.
Алдыңғы ми мен мишықтың басыңқы дамуының әсерінен бассүйек
қуысының бірден үлкеюі және пішінінің өзгеруі.
2.
Кейбір сүйектердің бөліктерінің бір-бірімен қосылуынан бассүйек
сүйектерінің санының азаюы. Мысалы, маңдай сүйектің екі жартысының
қосылып бір сүйек, 4 бөлік қосылып бүтін шүйде сүйегін түзуі.
3.
Есту сүйекшелернің болуы.
4.
Шықшыт буынының қалыптасуы.
Адам бассүйегінің сүтқоректілер бассүйегінен ерекшеліктері: 1.
Бассүйектің беттік бөлігінің есебінен бассүйектің қысқаруы.
2.
Бассүйек күмбезінің дөңгелектенуі.
3.
Сагиттальды және шүйделік қырлардың редукцияға ұшырауы.
4.
Шүйде аймағының бассүйек негізіне қарай жылжуы.
5.
Шүйде айдаршықтары мен үлкен тесіктің алға жылжуы.
6.
Көзұяның үлкеюі және фронтальды жазықтықта бұрылуы.
7.
Мұрын қуысы мен Гаймор қойнауының кішіреюі.
8.
Жақсүйектердің қысқаруы.
9.
Бассүйек қуысы көлемінің (V) үлкеюі.
Маймылдарда (V) = 500 шаршы см
Австралопитектерде (V) = 700 шаршы см
Адамдарда (V) = 1100 шаршы см
Адам бассүйегі 29 сүйектен құралған: 11 жұп, 7 тақ сүйектер.
Бассүйектің беттік бөлігіне жататындар: Мұрын бөлігі - pars nasale 1. Торлы сүйектің басым бөлігі –
ethmoidale
78
Нуржігіт Алтынбеков
2. Төменгі мұрын кеуілжірі –
concha nasalis inferior 3. Мұрын сүйектері –
ossa nasalia 4. Көзжас сүйек –
os lacrimale 5. Желбезек –
vomer