І кезең
1.
Туылғаннан 7 жасқа дейін.
Бұл кезеңде, 1 жыл бойы бассүйек бірқалыпты өсіп, көлемі 2 есеге ұлғаяды.
2.
1 жастан 3 жасқа дейін.
Бассүйектің дамуы баяулайды, есесіне шүйделік және шекелік аймақтар
қалыптасады. Беттің көлденең көлемі үлкейеді. Еңбектер жабылады.
3.
3-тен 7-ге дейін.
Жіктер қалыптасып, көбіне бассүйек негізінің есебінен алдынан артына
қараған көлемі үлкейеді (ересектер бассүйегі көлеміне жуықтайды).
80
Нуржігіт Алтынбеков
ІІ кезең
1. 7-ден 16-ға дейін
Бассүйек негізінің өсуі баяулайды, мидың жедел өсуі салдарынан бассүйектің
төбесі үлкейеді.
ІІІ кезең
16 жастан кейін
1.
Маңдай аймағы мен беттік бөлігі басымырақ өседі.
2.
Бассүйектің жыныстық ерекшеліктері қалыптасады.
3.
Бассүйектің өсуі тоқтайды.
Бассүйектің жыныстық ерекшеліктері:
1.
Еркек бассүйегі әйелдердікінен 10%-ға көлемділеу.
2.
Әйелдер бассүйегі тегістеу, еркектерде бассүйек төмпелері, сызықтары,
доғалары айқындылау.
Бассүйектің тұлғалық ерекшеліктері:
Бассүйектің тұлғалық ерекшеліктерін краниология ғылымы зерттейді.
Краниологияда екі негізгі зерттеу тәсілдері қолданылады:
1.
Краниоскопия – бассүйекті сыртай зерттеу
2.
Краниометрия – бассүйек өлшемдері
Бассүйек өлшемдері оның индексін анықтау үшін жүргізіледі. Бассүйек
индексі бассүйек ұзындығының еніне қатынасымен төменгі формула
бойынша анықталады:
Сызбанұсқа (схема)
Х =
Н х 100
𝐿
Ортаңғы ұзындығы = 175 мм
Ені = 133 мм
Индекс = 175 х 100 : 133 = 75
|