№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет65/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
65 
Мақсаты:
Модаль сөздердің жеке сөз табы ретінде танылуы, қалыптасу 
негізі, сөз таптары жүйесінде алатын орны, семантикалық сипаты, 
қолданысы мен қызметі туралы жалпы түсінік беру. 
Дәріс жоспары: 
1. Модаль сөздердің сөз таптары жүйесінен алатын орны. 
2. Модаль сөздердің лексика-грамматикалық сипаты. 
3. Модаль сөздердің қолданылу ерекшеліктері. 
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:
Модаль сөз, модальділік, 
предикативтілік, объективті және субъективті модальділік, инфинитив. 
Дәріс мәтіні 
Жеке лексикалық мағынасы болмаса да, өзі қатысты сөзге не сөйлемге 
қосымша грамматикалық мағына үстейтін немесе ойға қатысты 
қосымша модальділік мәнді білдіретін сөздер модаль сөздер деп 
аталады. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздерді таптастыру, соның негізінде сөз 
таптарын сан жағынан анықтау мәселесінде бірқатар көзқарастардың 
болғаны белгілі. Мәселен, 1952 жылға дейін 8 сөз табы қолданылып 
келсе, 1952 жылы еліктеуіш сөздер одағайлардан бөлініп шығып, өз 
алдына жеке 9-шы сөз табы болып қарастырылды. Одан кейінгі кезеңде 
бұл мәселеге қатысты С. Исаев сөздерді топтастыру ұстанымдарын 
негізге ала отырып, сөз таптарын 10 түрге бөліп, 10-шы сөз табы – 
модаль сөздерді қосады /1, 293/. Жалпы модаль сөздер бұған дейінгі 
зерттеулерде, сөз табы ретінде болмаса да, әр түрлі қырынан 
қарастырылып келді. Ғалым Н. Оралбаева модаль сөздерді күшейткіш 
үстеулермен бірге көмекшілер қатарына қосып, олардың көмекшілік 
қызметін ғылыми тұрғыдан дәлелдесе /2, 17/, модаль сөздерді сөз табы 
ретінде қарастыру жөнінде «модаль сөздер аналитикалық форманттың 
құрамында модальдық категорияның көрсеткіші болғандықтан» оларды 
сөз таптарының қатарына қоспайды /3, 63/. Қ. Мамаділов етістіктің 
модальдік құрылымдары арқылы модальдық мағынаның берілу сипатын 
зерттеген /4/.
Сонымен қатар модальділік мәселесі көмекші етістіктерге қатысты 
зерттеулерде де фунционалды грамматиканың негізгі аспектілерінің бірі 
ретінде қарастырылып жүр /5, 97/.
Модальділік (лат. Modalis – мөлшер, тәсіл) – айтылған сөз бен болмыс 
арасындағы қатынас түрлері және хабардың әр түрлі қабылдануын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет