Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы


Педагог-психологтарға арналған қосылған бақылау



Pdf көрінісі
бет27/82
Дата14.11.2023
өлшемі2,18 Mb.
#191416
түріМетодические рекомендации
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82
Педагог-психологтарға арналған қосылған бақылау
хаттамасы 
Жеке кеңес беру педагогтың сұранысы (ӛтініші) бойынша жүргізіледі 
және педагог-клиентпен жасалған жұмыс арнайы дайындалған хаттамаға 
тіркеледі. Хаттаманың мазмұны құпия сақталады және педагог-психолог 
клиентпен психотерапиялық жұмысы барысында ғана қолданады.
1-баған. Кеңес беру уақыты.
Психологтың жазбасын жүргізген кезеңдегі 
кеңес беру уақыты жазылады (Мысалы – кеңес берудің басталуынан 10 мин., 
25 мин., және т.б.) 
2-баған. Клиенттің мінез-құлқы.
Клиенттің мінез-құлқындағы вербалды 
және вербалды емес ерекшеліктер, кеңес берудің басында және бүкіл әңгіме 
бойы ӛзін қалай ұстауы, ішкі жай-күйі жазып алынады.
3-баған. Кеңес берудің басталуы.
Кеңес берудің басында клиенттің 
позициясы (белсенді, енжар), әңгіменің «тиегін ағыту» үшін психолог 
тарапынан әдіс-тәсілдер қолданылды ма, клиентте ӛзгерістер болды ма.
4-баған. Клиенттің шағымы.
Клиенттің ӛз қиындықтары туралы 
әңгімелесуінің ерекшеліктері (ол кімге немесе не нәрсеге шағымданады, ӛзін 
қорғайтын қандай аргументтер келтіреді, ӛзінің мәселелі жағдайын қалай 
сипаттайды).
5-баған. Клиенттің түсіндірмесі. 
Клиенттің
 
интерпретациясы және 
жағдайды бағалауы, мәселенің мәнін түсіндіруі, оған кӛзқарасы, қиын 
жағдайдағы ӛзінің алатын орны, оның туындауына қатысы және кӛңілі 
қалуы.
6-баған. Клиенттің позициясы.
Клиенттің ӛз мәселесіне қатысты позициясы 
қандай (енжар, жапа шегуші, кӛндігу, апатия, күйзеліс немесе белсенді
оптимистік, бір нәрсені жақсартуға деген құлшыныс айқын, күш салуға 
даяр).
7-баған. Клиенттің күтулері.
Клиент психологтан және кеңес беруден не 
күтеді (психологиялық қолдау, нақты кӛмек, кеңестер мен ұсыныстар, жай 
ғана шер тарқатып әңгімелесу ...).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет