в-v//ph, ф-f//bh, ц-tc, ч-ch т.б. Маған
сенбесеңіздер, орыс тілінің жазба дереккөздерін ақтарып қараңыздар.
Орыстардың өзі халықаралық құжаттарды, әкімшілік-кеңсе аттары мен
жарнамаларды латынша беруге мәжбүр болып отырғанын күнде оқып-
көріп отырмыз ғой. Соны көре-біле отырып, неге орыс тақылықты ас-
пандатып, қазақылықты тұқыртып отырамыз? Жалпы, Ресейдің өзінің
кирилшеден айырылмай отырғанын уақытша жайт деп қарау керек.
Сонда бүгінгі қазақ әліпбиі дербес-дербес екі бөліктен тұрады.
Төл әліпби өз таңба құрамы және айтылым емле ережесімен, ал кірме
сөздердің жазылуы өз таңба құрамы және айтылым емле ережесімен
тізбектеледі. Өйткені олардың үйлесім тауып, бір шаңырақтың астын-
да басы бірігуі ғылыми тұрғыдан да, қолданба (практикалық) тұрғыдан
да мүмкін емес. Бұған дейінгі барлық жарияланымдарымызда оның
үлгісін беріп отырған болатынбыз [Латын графикасы негізіндегі қа-
зақ әліпбиі: тарихы, тағылымы және болашағы. –Алматы: Арыс, 2007.
231-б. т.б.]. Кестеде тек ұлттық әліпби тізімі тұрады, кестенің сыр-
тында кірме дыбыстардың жазылым емле ережесі мен үлгісі беріледі.
Бұл – амал жоқтан болып жатқан іс. Ендеше, орыс сөздерін жазалмай
қаламыз деп уайымдап, орыс тілінен айырылса, далада қалатындай
болып жүрген өз ағайындарымыз үрейленбей-ақ қойсын. Айтылымы
орыс
үлгісіндегі кірме сөздерден («халықаралық атаулар» деген атты
жамылған) әзір құтыла қоймаймыз, сондықтан оның орысша жазылы-
мына көңіл бөлмей отыра да алмаймыз.
Қазақтың төл сөздерінің жазылымына қатысты орнықты әліпби
мен емле ережеміз өткен ғасырдың ортасына дейін болды. Сол кезде
қазақ сөзінің
айтылым әуезі ,
морфем құрамы ,
буын үлгісі мен
тасы- мал ретіне еш нұқсан келіп көрген емес болатын. Былық сол ғасырдың
елуінші жылдарының ортасында қазақтың төл сөздерінің құрамында