ми- ы, су-ы[мый-ы], [сұу-ы] болмау керек,
мы-йы, сұ-уы болу керек. Қа-
зақ тілінде сөз ішінде буын дауыстыдан басталмайды. Оқулықтардағы
осындай кереғарлықтардың қиындықтарын айтып, балаларға түсіндіре
алмай, олардың алдында «бірде олай болады, бірде бұлай болады» деп
екі сөйлеп, әлек болып жатқан мұғалімдердің пікірі ескерусіз қалып
жатыр.
3. Жазу қазақ сөзінің тасымал ережесіне сай болу керек. Тағы да
ми-ы, су-ы болып тасымалданбау керек,
мы-йы, сұ-уы болып тасы-
малдану керек.
4. Жазу қазақ тілінің морфем (түбір мен қосымшалар) желісін үз-
беу керек. Мысалы, қазақ тілінің «егер түбір дауыссызға бітсе, қосым-
ша дауыстыдан басталады» деген іргелі заңдылығы бар. Сонда
мың = мы-ңы, мыс = мы-сы, мый = мы-йы болып, тіл жүйесі бұзылмайды.
Қазақ тіліндегі дифтонгтардың сингармологиялық мәртебесін (статусын) анықтау бүгінгі қазақ фонетика ғылымының өзекті мәселесіне айналып отыр. Мәселенің теориялық шешімі қазақ тілі дыбыстарының құрамын дәл анықтап, «қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?» деген сұраққа нақты жауап тауып беретін болады. Ал оның практикалық шешімі қазіргі қазақ жазуындағы қайшылықтардан арылуға мүмкіндік береді. Жазуда
и, у әріптерімен таңбаланып жүрген дыбыстарға, бір
жағынан,
«дауыстыдан кейін дауыссыз, дауыссыздан кейін дауыс- ты болады» деген мектеп және жоғары оқу орындарының оқулықта-
рында жаңсақ анықтама берілсе, екінші жағынан, олар
«дауысты мен дауыссыздардың тіркесін белгілейтін таңба» деген академиялық
грамматикадағы ақиқат анықтама беріледі.
51
Өзара артикуляциялық үйлесімі күшті, естілімі ұқсас болып
келетін қысаң дауыстылар мен үнді дауыстылар тіркесінің құрамды
бөліктерін ажыратып алу оңай болмайды (оның үстіне орыс тілінің