50
енгізіліп отырған «дауысты дыбыстардың» жөнін табу үшін олар «да-
уыстыдан кейін дауыссыз болады, дауыссыздан кейін дауысты бола-
ды» деген жартыкеш ереже қабылданды.
Кез келген жазу тілдің ішкі өзіне тән құрылымы мен табиғи ай-
тылымына зиян тигізбеу керек.
Керісінше,
тілдің әдеби айтылымының
қорғанышы болу керек. Ол үшін:
1. Жазу сөздің дыбыс құрамын дәл бейнелегенде ғана дұрыс жазу
болады. Ендеше, қазақ жазуы қазақ сөзінің үндесім әуезін дұрыс көр-
сетіп отыру керек, басқаша айтқанда, жуан айтылатын сөздің таңбасы
мен жіңішке айтылатын сөздің таңбасының арасында көрнекі айырма
болсын.
2. Жазу қазақ сөзінің буын құрамын бұзбау керек. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: