Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет295/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
на жалғасты. Бұдан тарихшылар-
дан Б. Сүлейменов, Е. Бекмаханов, 
тілші ғалымдардан С. Аманжолов, 
С. Кеңесбаевтар да құтыла алма-
ды. Ал Б. Кенжебаев, Ә. Жирен-
шин, Ә. Қоңыратбаев, т.б. жұмыстан 
шығарылып, қудалауға ұшырады.
Бірақ өткендегі әдеби мұра ға 
«тұрпайы социологизм» көзқара сын-
да қарау мұнымен тоқталған жоқ. 
Сталиннің жеке басына табынудың 
ерекше бір ширық атып тұрған кезін-
де идеологиялық жұмысты жақсар-
туға шақыруды көбейе түскені, оған 
сынға алынатын тың нысаналар та-
уып беріп отырды. 1952 жылы «Ли-
тературная газетаның» 1 шілдеде 
шыққан санындағы «Халық эпосын 
терең зерттейік» атты бас мақала 
көтерген 
мәселеге 
Қазақстанда 
жеткілікті көңіл бөлінбей отыр-
ғанына бірден назар аударылды. 
ҚК(б)П Орталық Комитетінің секре-
тары М. Сужиков «Идеологиялық 
жұмыстың дәрежесін бұдан да арт-
тыра түсейік» атты мақаласында, 
халық эпостарын әдебиеттің таптығы 
және халықтығы принципімен зерт-
теуде көп кемшілік орын алып, 
«бірыңғай ағым» теориясына бағалау 
басымдығын сынап өтті. 1950 жылғы 
Т. Шойынбаев бастаған тарихшы-
лар жариялаған мақалаға байланыс-
ты алынған қаулыдағы сындар то лық 
түзелмей, 
Кенесары-Наурызбайға 
бай ланысты жырлар ғана халыққа 
жат екені әшкереленіп, қалған 
эпос тар әлі де болса «ұлтшылдық 
бұрмалаушылықтағы» 
көзқараста 
зерт теліп жүргені атап айтылды. 
Маркстік-лениндік әдіснаманы наси-
хаттаған партия шақыруына жедел 
үн қосуға дағдыланған «тұрпайы со-
циологизмге» бұл салада да кең жол 
ашылды. Ол Ғылым академиясының 
«хабаршысында» М. Ғабдуллиннің 
«Қазақтың батырлар жыры туралы» 
(1952, №9) атты мақаласында алғаш 
көрініс тапты да, оның «О состоянии 
и задачах изучения казахского эпо-
са» (1953, №4), Н. Смирнованың «Об 
источниках и вариантах казахского 
героического и сказочного эпоса» 
(1953, №4) секілді мақалаларында 
таптық тұрғыда ғылыми негізделе 
бастады. Халық эпосының зерттелуі 
үлкен айтысқа айналды да, «сол 
кездегі газет-журналдарда шыққан 
мақалалар мен жиналыстарда ай-
тылған пікірлер екі топқа бөлінді. 
Біріншісі – «ұр да жық» бағытында 
болса, екіншісі – өткендегі мұраға 
әділдікпен қарауды, мұра атаулының 
бәрін құртып жібермеуді айтады». 
Ақырында академияның Тіл-әдебиет 
институты Орталық Комитеттің 
қол дауымен ғылыми айтыс өткізу 
керек деп шешті. Бұдан ұлттық ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірдің Абай 
мұрасын зерттеу туралы өткен ғы-
лыми айтыстағыдай «тұрпайы соци-
ологизм» теориясына қарсы тұруға 
дайындалған күресін тағы да көреміз. 
Сондықтан кеңірек тоқталалық.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


314


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет