ІІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
ке тексерілмейді. Олардың твор-
чествосындағы заңды байланыстар
айтылмайды. Басқалары сөз арасын-
да аталады да, әдебиет тарихы деп
бір ғана ақынды ұсынады.
Қазақ әдебиетінен 9 класқа ар-
налған оқу құралында (авторлары
Қабдолов, Қирабаев, Нұрқатов) қазақ
әдебиетінің тарихы Белинский-
ден, Чернышевскийден, Добролю-
бовтен басталады... Кітапты «Қа-
зақ әдебиетінің тарихы» деп Бе-
линскийді, Чернышевскийді, Добро-
любовті қазақ әдебиетінің өкілі
етуде авторлардың қандай принцип
ұстағаны белгісіз» деген өткір сын-
да ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің
қандай деңгейге дейін төмендеге-
нінің шындығы жатыр.
Ғылыми айтыс қорытындысы мен
соңғы қаулыдан туындаған ниги-
лис тік көзқарас мектеп бағдарла-
ма лары мен оқулықтарын, хресто-
матияларды әлі де болса жақсарта
түсуге шақырды. «Социалистік Қа-
зақстандағы», М. Ғабдуллиннің «Қа-
зақ әдебиетінің оқулықтарын жазу
туралы» (1952, 16 қараша), М. Базар -
баевтың «Қазақ әдебиетінің оқу-
лықтарын жазу туралы» (1953,
9 сәуір), «Халық мұғалімінде»
Ә. Дербісалиннің «Халық ауыз
әдебиетінің орта мектепке арналған
оқулығы» (1953, №1) секілді мақа-
лалары әдебиеттің таптығы мен ха-
лықтығы қағидаларының әлі де
болса толық басшылыққа алынбай
жатқанын бір жақты сынады. Ал сын-
шы Қ. Нұрмаханов «Қазақ әдебиеті
оқулығындағы елеулі қателер ту-
ралы» мақаласында, ІХ класс үшін
жазылған оқулықтағы жоғарыдағы
Қ. Жұмалиев айтқан қателікті сынай
отырғанымен, «екі түрлі мәдениет-
тің элементі» туралы В. И. Ленин
қағидасын тілге тиек етіп, сол кездегі
«тұрпайы социологизм» позициясы-
нан аулақтап кете алмады.
Ұлттық әдебиеттану ғылымы
өзінің туу дәуіріндегі және даму
кезеңінің алғашқы жылдарындағы
азды-көпті жетістігінен бас тартуға
дейін барған осы бір қиын кезеңде
И. Сталин өлді де, Коммунистік пар-
тия мен кеңес өкіметіндегі «халықтар
көсемінің» жеке билігі құлады. 1929
жылдан бастап Сталиннің жеке ба-
сына табынудың ықпалында келген
кеңестік идеология Ленин өлгендегі
«Ленин өлді, бірақ, ленин жолы
мәңгі жасайды» деген ұранын, «Ста-
лин өлді, бірақ сталин ісі жалғаса
береді» деп қайта көтерген жоқ. Бұл
«буржуазияшыл-ұлтшыл» таңбасы
басылған, енді ұсталып темір тордың
ар жағынан шығуға тиісті әдебиетші-
ғалымдар мен ақын-жазушылардың
аман-сау қалуына басты себеп бол-
ды. Жоғарыдағы партиялық билік
үшін таласта Сталиндік дәуірдің қай-
та оралмайтыны, керісінше сынға
ұшырайтыны белгілі бола бастағаны
және жергілікті басшылардың ау-
ысуы үлкен өзгерістің болатыны-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
317
Достарыңызбен бөлісу: |