Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет418/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

V БӨЛІМ.
 
Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
мальдық, ғұмырнамалық, тарихи-са-
лыстырмалы, социологиялық әдіс тер. 
Осы әдістердің әрқайсысына не ме се 
олардың қандай да бір үн дестігі не 
сәйкес ерекше мектептер не месе ба-
ғыттар туындаған. Осы әдіс намалық
бағыттар кездейсоқ пайда болған 
жоқ. Олар басқаларынан бөлек алын-
ған әдеби-көркем шы ғар машылық-
тың белгілі бір ерек ше лігімен шығып 
отырды.
Ұлттық әдебиеттанудың ішкі са-
лаларын анықтау үшін әлемдік ғы-
лы ми мектептер мен олардың ғылы-
ми зерттеу жұмыстарындағы негіз гі 
бағыттары, теорияларына тоқталу 
қажет. 
Филологиялық мектеп
әдебиет-
тану ғылымының қалыптасу тари-
хында ХІХ ғасырдың басында пай-
да болды. Филологиялық мектепті 
негізгі тіпті бір ғана ғылыми әдіс деп 
қабылдаған әдебиетшілер «әдебиет 
тарихы ескерткіштердің формальды 
жағын, оның эволюциясын мәдениет 
тарихының мазмұнының зерттелуін 
қалдыра отырып қарастыруы керек» 
деп ойлаған. Әдебиет ғылымы ның 
міндетін осылай түсінулеріне орай, 
филологиялық мектептің өкілдері 
өз дерінің бар ынтасын мәтіндерді 
зерттеп, талдау тәсілдеріне аударды. 
Текстологиялық зерттеу толық түр де 
әлеуметтік анализ тәсілдерін ығыс-
тырды. Кеңес өкіметі кезеңіндегі 
бас ты орында болған маркстік әдеби 
ғылымда филологиялық әдіс оның 
тек қана жеке әдістерінің бірі болып 
табылады. Алайда көптеген бұрын-
ғы филологиялық анализ тәсілдері 
оның практикалық қолданылу аясын-
да өзінің мәнін сол кездің өзінде-ақ 
сақтады. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының 
жеке ғылым саласы болып алғаш 
та нылып, туу кезеңін бастағанға де-
йінгі сонау ертедегі түркі заманы-
нан басталған тарихи алғы шарттар 
кезеңінде ХVІІІ ғасырдың екінші 
жартысы мен ХІХ ғасыр ерекше 
орын алады. ХVІІІ ғасырдың ІІ жар-
ты сында қазақтың әдеби мұрасы ту-
ралы орыс саяхатшыларының қол-
жазба лары мен сипаттамалары бол -
маса мар дымды жүргізілген жоқ, 
олар дaғы пікірлер таныстырмалық, 
тү сіндірмелік мәнде болды. Алай-
да ХІХ ғасыр басынан қазақ жерін 
түгелдей жаулап алуды мақсат тұт-
қан отаршылдық саясат күшпен жүр-
гізіле бастады да, қазақ елін зертте-
уге мол мүмкіншілік ашылды. Осы 
отаршылдық саясат әкелген елеулі 
жаңалықтардың әсерінен қазақ хал-
қының қоғамдық-әлеуметтік ой-са-
насының өсуі, орыс ғалымдарының 
зерттеу саласындағы ыждағатты ең-
бегі оқу-білімге, мәдениет пен ғы-
лымға деген ұмтылыс ұлттық ин-
тел лигенцияның алғашқы өкілдерін 
қалыптастырды. Олар орыс ғалым-
дарының жетекшілік бағыт-бағдары 
көмегімен әдеби мұраны игеру 
проб лемасына араласа бастады. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


441


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   444




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет