Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет34/159
Дата20.11.2023
өлшемі4,09 Mb.
#192113
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   159
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

Тамақ жəне ашу өндірісі
. Тамақ жəне ашу өндірісінде, ауылшаруашылық
шикізаттарын өңдеуде микроорганизмдердің қолданылуы технологиялық циклдың
белгілі бір сатысында шектеледі. Яғни, микроорганизмдердің жоғарғы биомассасын
дақылдау жəне олардың метаболизмінің өнімдерін жинау мен тазартуды қажет
етпейді, мұндай өндіріс орындарын микробиологиялық өнеркəсіпке жатқызбайды.
2.
Микробиологиялық өнеркəсіп
. Микробиологиялық өнеркəсіптің негізгі
технологиялық сатысы микроорганизмдерді дақылдау болып табылатын өндіріс.
Микробиологиялық өнеркəсіпті өз кезегінше технологиялық белгілері
бойынша екі топқа бөледі:
Көп тоннажды өндіріс.
Оның өнімдері органикалық қышқылдар, спирттер,
микробтық биомасса болып табылады. Олардың негізгі белгілері терең, яғни
суспензиялық өсіру, ал қоректік орта компоненттері қанттар, спирттер, мұнайдың
көмірсутектері көптеген микроорганизмнің өсуін тежейтін концентрацияда болады,
кейбір жағдайда аэрацияны қажет етпейтін анаэробтар жəне т.б. қолданылады.
Мұндай жағдайлар биотехнологиялық үдерістерді бөгде микрофлорадан сақтауды
жəне көп мөлшердегі сұйықтықты мұқият залалсыздандыруды, ауаны терең тазалау
мен қондырғыларды герметизациялау сияқты талаптардың орындалу қажеттігін
жояды.
Ал көп тоннажды өндірістің негізгі ерекшеліктері қатарына – өнімді бөліп алу
сатысының қарапайымдылығы, олардың сұйық түрде өндірілуі жəне өнімдердің
термотөзімділігіне байланысты жылумен кептіруге болатындығын жатқызуға
болады.
Микробиологиялық өндірістің технологиялық үдерістері жалпылай алғанда
келесі сатылардан тұрады:
·
себінді материялды дайындау;
·
қоректік орталарды дайындау жəне залалсыздандыру;
·
микроорганизмдерді дақылдау (микроб синтезі);
·
қажетті (соңғы, құнды) өнімді бөліп алу;
·
дəрмектердің тауарлы өнімдерін алу (кептіру, ұнтақтау, стандарттау жəне
қаптау).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет