Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет60/159
Дата20.11.2023
өлшемі4,09 Mb.
#192113
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   159
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

атқаратындығына
тестілеу
Жасуша белсенділігін
қамтамасыз ететін
ферментті анықтау


105
мутагенді əсерден кейін өз белсенділігін жақсартса, онда осы мутацияның біздерді
қызықтыратын ақуыздың пайда болуына əкеледі деген қортынды жасауға болады.
Келесі 21-суретте өндірістік мақсатта пайдалануға қажетті жаңа ферменттерді
алудың əдістері жинақталып берілген.
21-сурет. Жаңа биореагенттер мен биофабрикаларын жасау
Бағытты
мутагенез
Гендер рекомбинациясы –
«молекулалық секс»
Белсенді жасушаларды
қолдану
Белгілі жағдайларға
сезімтал жасушалар
популяциясын
пайдалану
Белсенді емес
жасушаларды
қолдану
Белсенді емес, яғни
бізге қажетті қызметі
байқалмайтын
жасушаларды бөліп
алу
Қолайсыз
жағдайлардың əсері
(температура, PH,
улы металдар жəне
т.б.)
Белсенді, яғни
жасушада қажетті
қызмет атқаруы
байқалатын
жасушалар
субпопуляцияларын
бөліп алу
Қажетті ферментті
кодтауға жауап
беретін мутацияға
ұшыратылған ДНҚ
үлескісін анықтау
Тірі қалған
субпопуляцияларын
іріктеу
Бастапқы ДНҚ
тізбегіндегідей
(мутациясы жоқ)
ДНҚ түзу
Зертханалық
жағдайда немесе
генетикалық
модификацияланған
жасушалар арқылы
қажетті ферментті
синтездеу
Тұрақты жасушалар
желісін алу
мақсатында тірі
қалған
популяцияларын
пайдалану
Қажетті фермент
түзу үшін, пайдалы
мутациясы бар ДНҚ
синтездеу жəне оны
тұрақты жасушалар
популяциясына
ендіру немесе
генетикалық
модификацияланған
жасушаларды
пайдалану
Белсенді
жасушалар
ішінен
қажетті
ферменттерді
бөліп алу


106
*
Активті жасушалар деп қажетті (қызықтыратын) қызмет атқаратын
жасушалар айтылады.
Бағытты мутагенез əдісі өндірістік мақсатта пайдаланылатын көптеген
ферменттерді синтездеу жұмыстарында қолданылған. Бірақ та, өте күрделі болып
келетін ақуыз құрылымындағы азғана өзгерістердің өзі, олардың үштік
құрылымындағы күтілмеген өзгерістеріне, белсенділігінің, тұрақтылығының
бұзылуына, нəтижесінде ақуыздың мүлде қызмет атқара алмауына алып келуі
мүмкін. Алайда, өндіріс үшін бұл технологияларды қолданудан бас тарту мүмкін
емес, өйткені ғалымдар ақуыз түзілімінің амин қышқылдық құрамын азғана өзгерту,
кейбір жағдайларда қажетті реакцияларды өте нəзік жəне дəл жүргізу мүмкіндігіне
алып келетіндерін анықтаған Бұл ерекшелік ғалымдарды осы бағыттағы іздену
жұмыстарын əрі қарай қызығушылықпен жүргізулеріне ынталандырады.
Қолдан жасалатын мутациядан басқа, ғалымдар ақуыздардың көп түрлілігін
арттыратын жəне бір əдісті тапқан. Ол зертхана жағдайында қолдан шақырылатын,
тиісті гендерді рекомбинациялау əдісі. Бұл əдістің негізінде, əуелі, əр түрдің
гендерін рекомбинациялау арқылы генетикалық тұрғыдан күтілмеген көп түрлілікті
арттыруға болатыны анықталған.
Бағытты мутагенез, не болмаса гендер рекомбинациясы нəтижесінде, қандай
да бір жасушадағы ферменттердің көп түрлілігі қамтамасыз етілгені анықталғаннан
кейін, мұндай жасушалар популяциясы зертханалық жағдайда көбейтіледі. Осындай
жасушаларды əртүрлі қолайсыз жағдайларды қолдан тудыру арқылы тексерген
кезде, бұлардың ішінен тек қана құрамында мұндай жағдайларда қажет болатын
ферменттері барлары ғана тірі қалады. Осы əдісті қолдана отырып, ғалымдар
металдармен ластанған, РН реакцясы өзгертулеріне, температураға шыдамды жəне
т.б. факторларға төзімді жəне қажетті өнімді мол өндіре алатын жасушаларды
іріктеп алады. Сондықтан, алынған жасушалардың қолайсыз жағдайларға
тұрақтылығы мен жоғары өнімділіктерінің қамтамасыз етілуі, оларды шығару
жұмыстарына кеткен шығынның толықтай қайтарылып, экономикалық тиімділік
көрсеткіштерінің артуына өз əсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет