158
концентрацияға (РН) жетуі кезінде, сүтқышқылы
бактериялары да өздерінің
тіршіліктерін тоқтата бастайды.
Оттегі сүтқышқылы ашу үдерісін тоқтатумен бірге, өсімдік құрамындағы
қоректік заттарының тотығуын үдетеді де, нəтижесінде оның азықтық құндылығы
төмендейді. Сондықтан жақсы нығыздалмаған өсімдік массалары қатты қызып
кетеді.
Атмосфералық ауа құрамында көптеген микроорганизмдер болады. Жақсы
тығыздалмаған силостық өсімдіктер арасында ауамен
бірге қалып қойған осы
микроорганизмдер, ақуыздардың шіріп-сасуы мен майларды ыдырауға ұшыратып,
силостың бұзылуына алып келеді.
Сондықтан шаруашылық үшін маңызды екі қорытынды жасауға болады:
1. Силостеуге құрамында оңай ашитын көміртектік заттарға бай жүгері,
күнбағыс, ақ жүгері (құмық) сияқты өсімдіктерді пайдаланған абзал.
2. Силостеу үдерісінің жақсы өтуін қамтамасыз ету үшін, силостелетін
өсімдіктер массасын жақсылап нығыздау арқылы, оның арасындағы
оттегілерінен мейлінше ада қылу керек.
Силосты бағалауда оның иісі өте үлкен маңызға ие. Жүгері немесе жүгері-
күнбағыс қосындыларынан жақсы дайындалған силостан – жемістің хош иісі
(жібіген алма) аңқып тұрса, қос жарнақты өсімдіктер
мен бұршақ тұқымдас
өсімдіктерінен дайындалғандарынан – жаңа піскен нанның иісі шығып тұрады.
Құнды силостың түсі сарғыш-жасыл келеді жəне өсімдіктердің құрылымдық
өзгеріске ұшырамағандары байқалып тұрады. Егер де силостан сірке қышқылы
немесе нəжіс иісі мүңкіп тұрса, түсі қара-сары немесе қап-қара жəне собықтары мен
жапырақтарын зең саңырауқұлақтары басқан болса – силостың сапасы төмен
екендігін көрсетеді.
Силостың жақсы дайындалмау себептері қатарына келесі факторларды
жатқызуға болады:
- жасыл массасын дайындау мен оны арнайы
орындарға төсеуге кеткен көп
уақыт айырмашылықтары;
- силостелген масса құрамына басқа заттардың (топырақ, ластайтын заттар)
түсіп кетуі;
- силостау уақытының ұзарып кетуі;
- жасыл массасының жақсылап нығыздалмауы;
- оның бетінің ауа кірместей етіп (герметизация) жабылып, сақталмауы.
Силостайтын өсімдіктер құрамы өте ылғалды (80%-дан жоғары) болса, силос
өте қышқыл болуы мүмкін, ал оны ұсақтап бастыру кезінде құрамындағы сөк-
нəрлері көп шығып кетеді. Жасыл массаның ылғалдылығы төмен болған
жағдайда,
оны нығыздау қиынға соғады. Сондықтан ең қолайлы деп 70-75% ылғалдылық
саналады. Кейбір жағдайларда ылғалдылықты төмендету мақсатында жасыл
массаны азғана дегдітіп алады, немесе оған сабан араластырады.
Достарыңызбен бөлісу: