Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Хайуандар жасушаларын гибридизациялау əдістері



Pdf көрінісі
бет91/159
Дата20.11.2023
өлшемі4,09 Mb.
#192113
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   159
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

4. Хайуандар жасушаларын гибридизациялау əдістері
Денелік жасушалардың бір-бірімен қосылатыны жөніндегі болжаулар ХІХ-
ғасырдың басында олардың көп ядролы екендігі белгілі бола бастағаннан кейін
айтыла басталған. Бірақ та денелік (соматикалық ) жасушалардың гибридтері алғаш
рет тек қана өткен ғасырдың 60-шы жылдары ғана алынды. 1960-шы жылы Барский
тышқан саркомасының бір жасушасынан өсірілген, құрамында əртүрлі
хромосомалары бар жəне морфологиялық құрылымы өзгеше екі желілік
культураларды қосу нəтижесінде алған болатын. Алынған гибридтік жасушалар
құрамындағы хромосомалар саны бойынша өздері шыққан желілік (линейных)
жасушалар санынан өзгеше екендігі жəне беткі антигендері екі желілік
жасушалардікіндей болатынын анықтаған. Ары қарай жүргізілген зерттеу
жұмыстары нəтижесінде, гибридті жасушаларды əр түрге жататын хайуандардың
жасушаларын қосу нəтижесінде де алуға болатыны анықталған. Мұнда, екі
жасушаларды біріктіретін агент ретінде инактивизацияланған Сендай вирусы деп
аталатын HVJ түріндегі вирус қызмет атқарған. Осы кезден бастап Сендай вирусын
əртүрлі жасушаларды қосуда жиі пайдалана бастады. Гибридті жасушалардың
құрамын зерттеу барысында екі өте маңызды қасиет анықталған:
-гибридтерде екі ата-ананың геномы да болуы мүмкін
-ұзақ өмір сүретін тұқымаралық гипбридті хайуандарда ата-аналарының
біреуінің хромосомалары жойылуы мүмкін.
Екі жасушалардың қосылуы əрдайым басқа бір агент арқылы жүзеге аса
бермейді. Мұндай үдерістер
in vivo
(табиғи, ішкі жағдайда) немесе
in vitro
(сыртқы)
жағдайларында, басқа агенттердің араласуынсыз да жүзеге асырыла береді.


153
Кейбіреулері онтогенез үдерістерінде əрдайым жүріп отырады, сондықтан бұл
құбылысты эволюциялық заңдылық деп есептеуге де болады. Сонымен бірге, табиғи
жағдайда əр түрге жататын хайуандардың қалыпты жасушалары бір-бірімен өте
сирек қосылады. Ауылшаруашылығында мұндай жұмыстар көбінесе хайуандарды
қолдан ұрықтандыру жəне кейіннен оны тасымалдау (трансплантация) арқылы
жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар малдарда жасанды полиовуляция жасау, аналық
ұрық жасушасын (яйцеклетка) қолдан ұрықтандыру мен ұрықтандырылған
жасушаны басқа мал жатырына (адамдарда осындай жолмен ұрықтандырылған
аналар –суррогатты шеше деп аталады) мүмкіндігінің ашылуына байланысты өз
жалғасын тапты.
Бұл əдістің технологиялық үдерісінің қысқаша сипаттамасы келесідей
кезеңдерден тұрады: мысалы, жоғары өнімді сиырға күйлеу алдында арнайы
дəрмектер (гормондар, прогестерон, синустроэл, буаз бие қан сарысуынан
дайындалатын ББС дəрмегі, т.б.) егіліп, одан 10-20 аналық жасушаларының жетіліп
шығуы (полиовуляция) қамтамасыз етіледі. Кейіннен, лапоратомия əдісімен аналық
жасушалары 
жатыр 
түтікшесінде 
бұқаның
сперматозоидтарымен
ұрықтындырылады. Ұрықтанудың 7-8 күндері бұл жасушалар арнайы əдіс арқылы
жатырдан шайылып алынып, басқа, яғни көбінесе өнімділіктері төмен болып келетін
сиырлардың жатырына (реципиент) салынады. Осындай жолмен туылған
бұзауларда 
генетикалық 
жағынан «шынайы» ата-енелерінің 
тұқымдық
ерекшеліктері сақталады.
Əр түрге жататын малдар жасушаларын гибридизациялау əдістері негізінде
«химер» немесе аллофенді деп аталатын ұлпа құрамында əртүрлі генотипті
жасушалары бар хайуандар да алынады (мысалы, қара жолақты тышқан немесе
арыстан).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет