8. Аналептиктер 1 .
Наркозға арналған дәрілер (жалпы анестетиктер) Наркоз (грек. пагсо$із - мелшею, есеңгіреу) - ағзаның өмірлік маңызды
қызметтері (тыныс алу мен қан айналым жүйесі) сақтала отырып, естің
жойылуы, қаңқа бүлшық еттерінің тонусының төмендеуімен, рефлекторлы
реакциялар мен барлық сезімталдықтың төмендеуімен, ОЖЖ-де
нейронаралық қозудың берілуі әлсіреуімен жүретін жағдай. Афферентгі
импульстердің берілуінің бүзылуы, қыртысты-қыртыс асты аралықтардың,
аралық мидың, жүлынның қызметтерінің өзгеруі және т.б. Наркоз
хирургиялық операцияларда қолданылады. Науқастарды наркозжағдайына
енгізу, хирургиялық операциялардан кейін наркоздан шығуы ағзаны
қалпына келтіру ауруханалар мен клиникаларда арнайы анестезиология
және реабилитация бөлімдерінде жүргізіледі.
Наркозға арналған дәрілердің химиялық қүрылысы әртүрлі және
наркоздың пайда болу механизмін түсіндіретін бірыңғай теориясы жоқ.
Сондай-ақ, барлық наркозға арналған дәрілер ОЖЖ-гі қозудың
нейрондарға және нейрон аралық берілуін тежейді. Наркоздың келесі
сатылары бар:
I. Анальгезия сатысы; біртіндеп ауырсыну сезімінің және естің
жойылуымен сипатгалады. Соның салдарынан амнезия (естің жойылуы)
дамиды.
II. Қозу сатысы: науқаста қозғалыс пен сейлеудің қозуы, тыныс алу
мен тамыр соғуының жиілеуі, АҚ-ң жоғарылауы, көз қарашығының кеңеюі,
рефлекторлы қызметтің барлық түрі күшейеді.
III. Хирургиялық наркоз сатысы: 1-і дәрежесі - беткейлі наркоз; физиологиялық процестер қалыпқа келеді, ұйқы бірқалыпты, тыныш, қасаң
қабық пен жүтқыншақ-көмекей рефлөкстері сақталған, көз қарашығының
жарықты сезінуі мен бүлшық ет тонусы сақталған.
2-і дәрежесі • айқын 127
наркоз/тыныс алу, тамырдың соғуы, АҚ - бір қалыпты, көз қарашығының
жарықты сезінуі әлсіз, рефлекторлы белсенділік пен бүлшық ет тонусы
төмен.