3-і дәрежесі
-
терең наркоз:
тыныс алуы - жеңіл, жиі,
диафрагмальды; көз қарашығы біртіндеп кеңейіп, жарыққа реакциясы
жойылады; тахикардия дамып, АҚ төмендейді, толық бұлшық өт атониясы
дамиды.
4-і дәрежесі - өте терең наркоз:
барлық физиологиялық
процестер шегіне жетіп, қабырғааралық бұлшық еттердің салдануына алып
келіп, диафрагманың жиырылуы және АҚ төмендейді.
IV. Агональды (салдану)
сатысы/тыныс алудың толық бүзылуы, тамыр
соғуының жойылуы, қан айналымның тоқтауы, Тыныс алу және тамыр
қозғалтқыш орталығының салдануынан өлімге алып келеді.
Наркозға арналған дәрілер енгізілуі доғарылғаннан кейін, ағзада ояну
кезеңі басталады: наркоздың барлық сатылары кері ретпен жүріп, артынша
наркоздан кейінгі ұйқы басталады.
Наркоз түрлері:
Ингаляциялық наркоз:
наркоз аппаратының маскасы немесе
эндотрахеальды түтікше арқылы газ тәрізді немесе үшқыш сүйық
анестетиктермен демалужолы. Ингаляциялық наркозжеңіл басқарылады,
бірақ оған сай құрал жабдықтарды талап етеді.
Ингаляциялық емес наркоз:
анестетик ерітінділері күре тамырға
енгізіледі (бір реттік, бөліп немесе тамшылатып), ал бүлшық етке немесе
тік ішекке сирек внгізіледі. Ингаляциялық емес наркоздың қозу кезеңі жоқ,
қарапайым, бірақ нашар басқарылады.
Мононаркоз
- бір препаратпен жүргізілетін наркоз.
Аралас наркоз;
наркозға арналған дәрілердің екі немесе одан да көп
қоспалары қолданылады, мысалы, фторотан мен азоттотығының қоспасы.
Қиыстырылған наркоз:
ингаляциялық емес наркоз бен
(базис-наркоз
немесе алғашку наркоз
- қозу кезеңін болдырмау үшін) ингаляциялық
наркоздың (жеңіл басқарылады) бірігуі. Араласжәне қиыстырылған наркоз
өте аз концентрациясында препараттардың бірігуінің әсерінен жалпы тиімді
анестезияны қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |