С 89 Сүлтанов М.Ә., Ёрбасова А. А. Фармакология



Pdf көрінісі
бет144/280
Дата20.11.2023
өлшемі8,77 Mb.
#192294
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   280
Шгодепіит охусіиіаіит
-
 азот тотығы
(«көңіл сергітетін газ» - аз
концентрациясыңца мас болу сезімін, эйфория мен жеңіл үйқы шақырады):
сүр түсті металл, баллоншада шығарылатын жағымды иісі бар түссіз газ.
Әдетте 70-80% азот тотығы мен 20-30% оттегінен түратын қоспасы
қолданылады. Наркоз тез басталады, қозуы жоқ (маскүнемдікте болады),
наркоз жеңіл басқарылады, бірақ үстірт (наркотикалық белсенділігі тәмен),
оянуы ингаляцияны тоқтатқаннан кейін бірден пайда болады. Азот
тотығының анальгетикалық әсері айқын, күштілігі жағынан морфинмен
бірдей, сондықтан босануда ауырғанды сездірмеу үшін, миокард
инфарктында, ауыр жарақаттарда, түсікте, операциядан кейінгі
ауырсынуларда, хирургиялық стоматологияда
 қолданылады.
Базистік
наркозбен, нейролептоанальгезияда наркоз үшін фторотанмен қоспасы
қолданылады. Азот тотығының өзі жанбайды, жануды үдетеді, эфирмен,
циклопропанмен және хлорэтиленмен бірге қоспасы қауіпті жарылғыш
болып табылады. Азот тотығының мелшерін асырғанда гипоксия дамиды.
Ұзақ ингаляцияда лейкопения мен мегабласты анемия шақырады.
Циклопропан
- отқа қауіпті, қауіпті жарылғыш, бездердің секрециясын
күшейтіп, ауыр аритмиялар шақырады, АҚ-ы жоғарылатады және
қансырауды күшейтеді, бірақ күшті ауырсынуды сездірмейтін әсері бар.
Ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілер
Тһіорепіаішп-паігіит - тиопентал-натрий
(Б): 0,5 және 1,0-20 мл
флаконда - өзіне тән иісі бар сарғыш немөсе сарғыш-жасыл түсті, ұсақ
кеуекті қүрғақ масса. Ерітіндіні инъекцияға арналған залалсыздандырылған
(стерильденген) суда қолданар алдында (ех
Іетроге) дайындайды.
2,0-2,5% еріт. к/т (коллапс тудырмау
үшін) өте баяу енгізеді. Препаратты
енгізу уақытында наркоз басталып, қозу кезеңінсіз, 20-25 минутқа
созылады, ал наркоздан кейінгі үйқы үзақ болады. Тиопентал-натрий
алғашқы наркозда, терең анальгезияны қажет етпейтін қысқа уақытты
операцияларда, сондай-ақ психомоторлы қозуды басу үшін және тырысу
үстамаларында
 қрлданылады.
Тиопентал-натрий мен оның аналогтары
ауырсынуды өте нашар басады; наркотикалық әсерінің кеңдігі аз; кезбе
жүйкесінің тонусын жоғарылату, нәтижесінде бронхо - және ларингоспазмға,
саливацияның күшеюіне (басу үшін операциядан алдын
 атропин
енгізіледі),
тыныс алу мен жүрек қызметінің тежелуі немесе тоқталуына және
гипотонияға алып келөді. Тиопентал-натрий және басқа да барбитураттарды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет