С 89 Сүлтанов М.Ә., Ёрбасова А. А. Фармакология


Этил спиртімен жедел улану



Pdf көрінісі
бет147/280
Дата20.11.2023
өлшемі8,77 Mb.
#192294
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   280
Этил спиртімен жедел улану.
Өлім мөлшері - шамамен 300 мл (95%),
ал ішімдікке бейім адамдарда жоғарырақ.
 Улану белгілері:
есінен танып,
теріні мүздай жабысқақ тер басады, бет гиперемиясы, тері бетінің бозаруы
мен көгеруі, дене қызуының төмендеуі, қүсу, рефлекс пен барлық
сезімталдықтың тежелуі, тыныс алудың тежелуі, тамыр соғуы жиі және
әлсіз, көз қарашығы тарылған, гипоксияда - кеңейген, көлденең нистагм
байқалады. Тырысулар, қүсу салдарынан жоғарғы тыныс жолдарының
бітелуі (аспирациясы), ларингоспазм, тыныс алу мен жүрөк қызметінің
тоқтауы мүмкін. Тыныс алу жүйесінің салдануынан өлімге алып келеді,
Жәрдем:
зонд көмегімен асқазанды таю, іш айдағыш дәрілер беру, ауыз
қуысын тазалау, жоғарғы тыныс жолдарын тазалау, тілді үстау; бездердің
секрециясын төмендету үшін - атропин; тыныс апуды күшейту үшін -
кордиамин; қажетгі жағдайда -өкпеге жасанды дем беру мен форсирленген
диурез жасау; ішімдіктің күшін жоюды тездету үшін глюкоза еріт.
инсулинмен бірге к/т енгізу және ацидозды басу үшін 4% натрий
гидрокарбонатын 1000 мл дейін енгізу қажет. В,, В
12
, РР витаминдерін
тағайындау қажет.
Этил спиртімен созылмалы улану (маскүнемдік).
Маскүнемдікке тән:
үйренгіштік (толеранттылық), рухани (психикалық) тәуелділік,
абстиненциялық синдром және физикалық тәуелділік. Маскүнемдікте
жоғарғы жүйке қызметінің бұзылуы, есте сақтау қабілетінің нашарлауымен,
ойлау қабілеті мен ақыл-ой қабілетінің төмендеуімен, эмоциональдық
тұрақсыздықпен байқалады. Одан әрі маскүнемдікте психоз бен елестеу
ауруы дамиды.
Ішкі
мүшелер зардап шегеді: гастрит, панкреатит пен колит,
бауыр циррозы, миокард дистрофиясы, бүйрек аурулары, эндокринді
бездөр мен репродуктивті (үрықтың алкогольды синдромы) мүшелер
қызметінің бүзылуы, қан үюының төмендеуі және т.б. Маскүнемдікадамның
моральды және физикалық азғындауына алып келіп, үлкен әлеуметтік
мәселе болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет