С 89 Сүлтанов М.Ә., Ёрбасова А. А. Фармакология


Альфаксолон - әсері қысқа, көбінесе аллергиялық реакциялар тудырады. Этомидат



Pdf көрінісі
бет146/280
Дата20.11.2023
өлшемі8,77 Mb.
#192294
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   280
Альфаксолон
- әсері қысқа, көбінесе аллергиялық реакциялар
тудырады.
Этомидат
- наркоз 4-8 мин. созылып, құсу, тырысу, АҚ-ң өзгеруін
тудырады.
Пропофол
- наркоз 8-10 мин. созылып, АҚ-ы төмендетеді, тыныс алуды
тежеп, бүлшық еттердің тартылуын шақырады.
2. Этил спирті
Этил спирті резорбтивті әсерінде наркозға арналған дәрілер тәрізді,
ОЖЖ-не тежегіш әсер көрсетеді. Спирт наркоз үшін қолданылмайды, себебі
наркотикалық әсерінің кеңдігі өте тар және наркоздың агональды кезеңіне
тез өтеді, ал қозу кезеңі керісінше үзақ болады. Сонда да спирттің
анальгетикалық қасиетін медициналық тәжірибеде пайдаланады: этил
спирті шокқа қарсы сүйықтықтардың қүрамына кіреді. Спиртті жергілікті
қолданғанда тітіркендіргіш, бырыстырғыш және антисептикалық әсері бар,
сондықтан медицинада тек антисептикалық және тітіркендіргіш дәрі ретінде
қолданылады
 («Антисептиктер» такырыбына қараңыз).
Спирттің ағзаға
резорбтивті әсері келесі белгілермен байқалады:
- этил спирті бас миының қыртысында тежеу процесін күшейтеді, ол
эмоциональды қозуға, мидың аналитикалық қызметінің төмендеуіне және
эйфорияға алып келеді; үзақ қолданғанда үйренгіштік, дәріге тәуелділік
пайда болады;
- спирттің төмен концентрациясында (20% дейін) тәбет ашады, асқазан
бездерінің секрециясын күшейтеді, бірақ жоғары концентрациясында ас
қорытатын ферменттерді астың қорытылуын бүзады;
- этил спирті терінің қан тамырларын кеңейтіп, жылу бөліну мен жылу
берілуді күшейтеді, сол себептен жылу өнімінің артуына қарамастан, дене
қызуы төмендеп, қоршаған ортаның төменгі температурасында тез
салқындайды;
- этил спирті антидиуретикалық гормонның өнімін төмендетіп, несеп
айдайтын әсері бар;
- этил спирті жоғары калорияға ие: 1 г тотыққанда 7,1 ккал жылу бөледі
(1 г көмірсу 4,2 ккал, 1 г май 9,0 ккал береді), сондықтан кейде спиртті
әлсіреген науқастарды парентеральды кореіаендіру үшін пайдаланады.
Алайда спирт қорда (депода) сақталмайды және пластикалық зат болып
табылмайды, яғни ағза үлпаларыныңжасалуына қатыспайды, ол созылмалы
133


улануға алып келуі мүмкін.
Фармацевтикалық өндірістерде спиртті түндырма, сығынды, сыртқа
қолданылатын дәрілік түрлер дайындау үшін кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет