антагонизмі деп атайды. Сульфаниламидтердің триметоприммен
қиыстырылған препараттары
{бисептол, лидаприм, сульфатон және т.б.)
бактерицидті әсер етеді, себебі триметоприм фолий қышқылының синтезін
тежейді, яғни қиыстырылған препараттар екі бағытта әсер етеді,
фармакологиялық әсерін күшейтеді және микробқа қарсы әсерінің спектрін
кеңейтеді. Сульфаниламидтердің бәсекелестік механизмінің әсеріне
байланысты, қабылдау келесі кесте бойынша жүргізіледі: бірінші күні ең
жоғарғы мөлшер, ал екінші күні орташа мөлшерде қабылдау қажет.
Әсер ету спектрі кең: грамм {+) және грамм (-) кокктарға (энтерококқа,
стрептокошарға, стафилакокктарға әсер етпей), бактерияларға (ішек
таяқшалары, шигелла, дизентерия, кейбір сальмонеллалар, холера
вибрионы, клиебсиеллалар, сібіржарасының қоздырғышы, дифтерия, оба,
бруцеллез, туляремия, клостридиялар), хламидияларға, қарапайым-
дыларға
(безгек плазмодий, токсоплазмоз), саңырауқұлақтарға
(актиномицеттер, нокардий) қарсы әсер етеді. Триметоприммен
қиыстырылған препараттары, сондай-ақ пневмоцистерге, гемофильді
таяқшаларға, легионеллаға, аэромонадаларға әсер етеді.
Сульфаниламидті препараттарды үзақ уақыт қолданғанда микроорга-
низмдер оларға түрақты болып қалады, сондықтан сульфаниламидтердің
әсер ету спектрі азайып, тиімділігі төмендеп кетті. Оларды көбінесе
антибиотиктер әсер етпей жатқанда, немесе антибиотиктерге
қоздырғыштардың түрақтылығында, немесе антибиотиктермен бірге
қиыстырып белгілейді. Сульфаниламидтерге екіншілік резистенттік тез
пайда болады.
I. АІЖ-да жақсы сіңірілетін сульфаниламидтер. Ағза сүйықтықтары
мен үлпаларына жақсы сіңіріледі, резорбтивті әсер етіп, жүйелі
инфекцияларда қолданылады.
Қолданылуы: тыныс алу жолдарының
80 қабыну аурулары, өт пен несеп шығару жолдарының инфекциялары,
хламидиялы инфекциялар, жұмсақ үлпалар мен іріңді инфекциялар, отит,
синусит, жара инфещиялары, токсоплазмоз, безгек (малярия).