Түркі 'ri-'A' ислам философиясы
54 Қашқари М. Түбір бір түркі тілі. - Алматы, 1993.
55 Келімбетов Н. Ежелгі дэуір әдсбисті. -А лм аты , 1991. - 151, 152-6.
56 Қашқари М. Түбір бір түркі тілі. - Алматы, 1993. - 85-6.
1 4 8
III
тарау. Ортағасырлың философия
олардың ісін одан эрі жалғастыра біліп, ерлік пен қаһармандық жолына ұмтыла
түсуге шақырады.
Біз жоғарыда айтқанымыздай, М. Қашқаридың сөздігінде мақал-мәтелдер
көптеп кездеседі. Бұл мақал-мәтелдердің философиялық-дүниетанымдық мәні
өте жоғары. Осы мақал-мэтелдердің біразын атап көрсетейік:
Ім білсе, эр өлмес,
Ым білсе, ер өлмес.
Өд кечер, кіші тоймас,
Иалықұқ оғлы мэңгу қалмас.
Заман өтер, кісі тоймас,
Адам баласы мэңгі қалмас.
(Мұнда өмір мен өлім мәселесі, өмірдің кезекпен ауысып отыратындығы ай-
тылады).
Қазан айтар «Түбім алтын»,
Шөміш айтар «Мен қайданмын?!».
(Бұл мақал өзін танитын адамдардың алдында бөсе беретін мақтаншақ
кісілерге бағыпггап айтылған).
Түлкі өз ініне үрсе, қотыр болар.
(Бұл мақал өз елінен, жерінен, шаһарынан, тұқымынан безген, сол елдің
ауасын жұтып, суын ішіп отырып, оған түкірген сатқындығына арнап айтылған).
Адам аман болса, өмірден көп көрер.
(Бұл мақал адамның жаны аман болса, алдында көрері көп деп насихаттайды).
Толған айды қолмен ымдамас (көрсетпес).
(Толған айды көзі бар адамның барлығы көреді).
Далада бөрі үлыса,
Үйдегі иттің бауыры солқылдар.
(Бұл мақал жақын адамдарды бір-біріне көмектесуге шақырады).
Жақсы адамның сүйегі шірігенмен, аты қалар57.
(Бұл мақал адамдарды бір-біріне жақсылық жасауға үндеп айтылады).
Бұл мақал-мәтелдерді түйіндей келе айтарымыз, біздің заманымыздан біраз
уақыт бұрын айтылса да, бұл айтылған ойлардың күні бүгінге дейін өз мағынасын
57 Қашқари М. Түбір бір түркі тілі. -А лм аты , 1993. - 85-6.
|