Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
150 III тарау. Ортағасырльщ ф илософ у А. Иүгінеки өзінің шығармасында негізінен ең басты нәрсе деп оқу мен білім
мэселесіне көңіл қояды. Орта ғасырдағы кейбір діни-мистикалық әдсбиеттің
адамның танымдық мүмкіндігін, қабілетін жоққа шығаруға тырысып жатқанда,
А. Иүгінекидің сол кезде адамдардың сана-сезіміне ой ұялатып, оқу-білімге,
ғьшымға шақырып, өз жырларына қосуын оның ерлігі мен азаматтығы деп білеміз.
¥л ы ғұлама дүниенің, элемнің сырын, құпиясын ашатын кілт көкірегі ояу, көзі
ашық, оқыған, білімді адамдардың қолында деген тамаша пікір айтқан. Ол ғылым
мен ашу-ызаны қатар қоюға болмайды дейді. Ашу-ызаға тізгін берген адам қашанда
надандыққа, тұғырға тіреледі. Бар дүниенің есігін, болмысын тек білім арқылы
ғана ашуға болады деген шешімге келеді. Ол дүниенің өзгеріп тұратыны жайын-
да, эдептілік, жомарттық пен сараңдық, игі мінез бен жарамсыз мінез-құлықтар
жайында этикалық білімге, ал бақытсыздық - қараңғылыққа, надандыққа байла-
нысты деп ұғынады.
Сондай-ақ А. Иүгінекидің адамгершілік, этикалық, әдептілік ілімдері де
үлкен мэн берерлік нәрсе деп ойлаймыз. Ол адамдарды мағыналы, мазмұнды әділ
сөйлей білуге, өсек айтпауға, сыр сақтай білуге, әдептіліктің басы - тілге сақ болу
керектігін баса үйретіп, керемет ақыл-өсиеттер айтады. Мәселен,
Білімдіден қалған бір сөз тағы бар,
Әдептіге «үндемес» ат тағылар.
Тіліңді тый, сонда тісің сынбайды,
Жөнсіз шыққан тілден тісің қағылар.
Сөз есепсіз - тілінді тый, тарт, ұста,
Тыймаған тіл басьща сор эр тұста.
Есепті сөз - ер сөзінің асылы,
Мылжың тілді «жау» деп ұғын тартыста.
Ақылды ма көп сөйлеген күбіне,
Талай бастың тіл жетті ғой түбіне.
Оқ жарасы жазылады, бірақ та,
Тіл жарасы жазылмайды: түбі не? -
деген жыр жолдары бүгінгі күнмен ұштасып жатқан, тәлім-тәрбиелік мэні зор,
адамның жан дүниесін түсінуге, танып білуге шақыратын керемет философиялық
толғаулар деп ойлаймыз. Оның бар ойы, әрекеті адамдарды жаман қылық әре-
кеттерден құтқару, мүмкіндігінше адам деген қасиетті жоғары ұстауы. Тэн жара
сы жазылар, бірақ жанға түскен жара, тіл салған жара жазылмас деп айтуы үлкен
адамгершіліктің, әдептіліктің, философиялық толғаныстың, өз заманының адал
перзенті болган азаматтыісгың белгісі деп ойлаймыз.
А. Иүгінеки мінез-құлық нормалары жөніндегі өзінің философиялық-этика-
лық пікірлерін, бұл жерде этикалық ұғымдар жомарттық пен сараңдықты қарама-
қарсы қойып түсіндіреді. Оның пікірінше, жомарттық болған жерде, алынбай-
тын асу, жылымайтын жүрек жоқ. Ол жомарт адамдарды бар ықыласымен, жан-
жүрегімен беріле жырлайды, үлгі-өнеге түтады.
Өмірде жақсы мінез - «жомарт» деген,
Жаман ат - «сараң», тэуір соз ермеген.
Берген қол бәрінен де құттьг болар,
Сол жаман - ала біліп, түк бермеген, -