218
V II тарау. Х І Х -Х Х ғасырдағы философия
қарастыруға жұмсайды. «Экзистенция ешқашан зерттеу объектісі бола алмай-
тын ұғым, өйткені ол, біріншіден, жеке даралық болғандықтан, сол себепті жалпы
мәнділікке
ұмтылмайды; екіншіден, экзистенция - біздің өзіміз. Олай болса, біз
оған ғылым қарайтындай объективті түрде қарай алмаймыз» (К. Ясперс). Өмір
сүру дегеніміз - адамдардың біріккен (қосылған) болмысы. Шынайы өмір сүру
дегеніміз - күнделікті өмірмен тығыз байланысты, өз басының сезімі мен тіле-
гінің, сенімі мен қауіптілігінің, тәжірибесі мен үмітінің, өз қамы мен мұқтажды-
ғының жиьштығы негізінде іс-әрекет жасаған адамдардың
экзистенция ретінде
тіршілік етуі. Адам тіршілігінің негізгі қағидасы - «дүниенің қасында болу».
Бұл жердегі «дүние» адамның қамдану өрісі - еңбек элемі, заттар әлемі, курал-
жабдықтар жиынтығы, ал «болу» - «бірдеңенің қасында» деген мағына береді.
Адам өз ортасымен біте қайнасқан тіршілік иесі, сондықтан да оны злемнен бөлек
қарастыруға болмайды. «Дүниенің қасында болу» адам тіршілігінің осы әлемдегі
экзистенциялы (өмір сүру тәсілі, адам болмысының категориялары) және транс-
ценденциясы (Хайдеггерше, шектен шығуы). Демек, тэжірибе жете алмайтын
нақтылық пен «біріккен әлемнің» (адамдардың косылған болмысы) арасында
пәлендей айырмашылық жоқ, себебі «басқалар» (қоршаған орта, т.б.) «менімен»
бірге өмір сүреді. Адамның шынайы тіршілігі - «уайымдау».
Бірақ кез келген
«уайымдау» (мысалы, адам демалғанда, еңбек еткенде, қуанғанда, өз білімін те-
реңдеткенде, т.б.) «өмір сүру» емес, себебі ол - сырттай өмір сүру. Мұндай өмір
сүруде адамның жекешелік қасиеттері, даралығы жоғалады. Нағыз «өмір сүру»
олардан жэне «іштегі сыртқы әлемнен» (сыртқы әлем туралы оқу, тэжірибе арқы-
лы санада сақталған білім) батыл арылғанда ғана басталады. Ал,
шын мәнінде,
«өмір сүру» үшін өлімге тікелей қарау керек, яғни өзіне өлім хақ екенін тусініп,
қорқыныш ояту қажет. Құдайдың, «ештеңесі жоқ мәнсіздіктің» алдындағы се-
бепсіз бостандықтың әсерінен өзіңнен өзіңнің үрейленуіңді болжай алмауыңнан
қорқыныш пайда болады (Сартр), олай болса, ол - еш күмәнсіз мүмкін
болатын
болмыс. Осындай қорқыныш қана адам болмысын айқындап, оны өзінің жеке
басының болмысына жэне бостандығына жетелейді. Демек, корқыныш - адам
тіршілігінің негізгі қасиеті, ал оның негізгі құрылымы - қамдану, жеке басының
қамын ойлау. Ал басқалардың қамын ойлау, олармен бірге болу жалпы қамдануға
жатады. Адам «сыртқы әлемде» жүргенде қорқыныш ұмытылады. Шын мәнінде,
сыртқы әлем дегеніміз -
адам қорқынышының, күнәсінің, уайымдарының эксте-
риоризациялануы (іске асырылуы, нақтылануы).
Қорқыныштардың ішіндегі өлімнен қорку - туа біткеннен тэн априорлы
уайымдау. Ал «өлім» дегеніміз - болашақтың өзі, ол арқылы тіршілік өзіне қай-
тып келеді. Сөйтіп, болашаққа талпыныс дегеніміз өлімнің бетіне қарау болып
шығады. Осыдан келіп, тіршіліктің уақытша, тарихи жэне шектеулі сипатта екен-
дігін түсінеміз.
Экзистенцияның шын мэніндегі тереңдігін тек айрықша, «шекаралық жағ-
дайларда» ғана түсіне аламыз. Менің өлуім хақ екенін түсінуім,
менің қасірет-
те болуым, менің күресуім, менің жағдайларға тәуелділігім, менің сөзсіз күнэм
- бұлардың бәрі де «шекаралық жағдайда» болады, ал оны қаншама өзгертеміз
деп тырыссақ та, олар өзгерместен, сол күйлерінде қалады. «Шекаралық жағдай»
адам тіршілігіне өзінің біртұтастығын, өзгермейтіндігін, аяқталғандығын біліп-