Ш ығыс философиясы 2 2 5 емес, бұл ең қажетті сәт. Оған орбір философ мұқтаж болып отыр. Ал Батые фи
лософия тарихында негативті әдістің толық дамымаған түрі жоқ. Бұл екі әдістің
бірігуі болашақ философияның туындауына септігін тигізді».
Сонымен, Фэн Юланның барлық қытай философия тарихына тоқталып, оны
гностицизм тарихы ретінде қарастырды, ал Батые философиясын рационализм
тарихы ретінде қарастырды.
Үнді философиясы. Үнді елінде философия қандай да бір ғылымға неме-
се өнерге қосымша ретінде болмаған, бірақ әрдайым көрнекті, тәуелсіз жағдайда
болды. Батыстағы философия Платон мен Аристотель кезінде саясат пен этикаға
сүйенді, ал орта ғасырларда теологияға, Бэкон мен Ньютон дәуірінде жараты-
лыстануға, XIX ғасырдың ойшьщдары тарихқа, саясатқа жэне социологияға арқа
сүйеді. Ал үнді елінде философия нық тұрды жэне басқа ғылымдар одан тірек
алды. Философия - өзге ғылымдарды бағыттаушы басты ғылым. Мундака Упа-
нишада барлық ғылымдардың негізіндегі ғылым немесе брахмавидья, сарва-
видья-пратшитхе туралы айтады. «Философия, - деді Каутилья, - барлық гы-
лымдардың шырағы, барлық еңбектің негізі, барлық істердің тірегі». Үнді фило-
софиясына піет ел, мысалы, Грекияның эсері болды ма, болса, қандай деңгейде
деген сұрақ жиі қойылады. Үнді елі мен грек елін параллель тарихи даму ретінде
түсіну керек. Бірдей өмір сүру тәжірибесі адамдарда ұқсас көзқарас туғызады.
Тіптен, Батые пен Үнді елі тікелей байланыста деген дәлелдер де жоқ. Үнді фи
лософиясы - адам ақылының тәуелсіз жетістігі. Үнді елінде философиялық мэ-
селелер Батыс эсерінен немесе байланысынан тәуелсіз дамыды. Практикалық
мақсаттарға орай біз үнді философиясын жабық жүйе ретінде қарастырамыз.
Үнді философиясы спиритуалистік сипатқа ие болған. Үнді елі ордайым ақиқат
үшін қателікке қарсы күресті. Үнді өмірінде руханилық басым болып келеді. Үн-
ді философиясы аспан қабаттарымен емес, адам өмірімен айналысады. Ол бас-
тауын өмірден алады жэне әртүрлі мектептерден өтіп, өмірге қайта оралады. Гита
жэне Упанишада - елдің керемет эдебиет ескерткіштері және ұлы философиялық
жүйелерді көрсету құралы. Үнді елі халықта метафизикалық қызығушылық ту-
ғыза білді. Діни догматизммен ерекшеленбейді. Үнді діні рационалдық синтез бо
лып табылады. Философиялық ақиқатпен жэне халықтьщ күнделікті өмірімен ты-
ғыз байланыс дінді әрқаніан жанды жэне әрекетшіл етеді. Діни мәселелер үнді фи-
лософиясының дамуына түрткі болып отырды. Дін мен элеуметтік мәселелер өмірде
басты рөл атқаратьга болса да, ол философиямен еркін айналысуға мүмкіндік берді.
Адам өмірі касталық құрылым нормаларымен шекгелсе де, кез келген пікірге қосы-
луға құқы бар болды. «Өзіндік пікірге ие болмаған Муни жоқ», - деді Махабхарата.
Осылардың барлығы адам іс-әрекетінің зандылықгары мен ақиқаттарын тануға
ұмтылған үнді ақылының қайталанбас интеллектуалдығын көрсетеді. Үнді фило-
софиясына адам «мені» - орталық мәселе. Үнді пайғамбарларының ілімдері мен
заңдары бір нәрсеге негізделген, ол - «Атманам виддухи» - «Өзінді-өзің таны».
Адамда барлық мэннің негізі болып табылатын рух бар. Психология мен этика -
негізгі ғылымдар. Үнді психологиясы бағытталудың (сосредоточие) бағасын біледі
және оны ақиқатқа жетуцің құралы деп түсінеді. Үнді психологиясы бойынша, срік
пен танымның әдістемелік жатгьнулары көмегімен түсінуге болмайтын өмір мен
ақыл саласы жоқ. Ақыл мен дененің тығыз байланыста екені белгілі.