Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет198/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Ш ығыс философиясы
2 2 7
жаңа талаптарға сәйкес философия қажет. Жаңа философия уақытқа сәйкес келуі 
керек жэне өткенге бағытталмаған болуы шарт. Сондай-ақ ол өзге философиялық 
ілімдерге ұқсамауы керек. Жаңа философия өзі түсіндіріп отырған өмір тәрізді 
қайталанбас түпнұсқа болады. Мұндай философия жаратьшыстану ғылымдары- 
ның жетістігіне және психологияға сүйенуі қажет. Ал дін келешек философия- 
ның ядросы, бекітуші күші болады. Радхакришнан бойынша, жаңа философияны 
жасаушы философ торт шартты орындауы керек. Олар:
1. Мэңгілік пен өтпеліні ажырата білу.
2. Өз әрекетінің жемісіне осы сәтте де, болашақта да рахаттанбауы керек. Бүл 
шарт ұсақ тілекгер, практикалық қызыгудан арылуды талап етеді. Философ өмір- 
ден тыс түрып, оны бақьшау керек.
3. Ол қатаң сенімге бағынуы керек. Pyx тэртібі - ақиқатты іздеушінің мақсаты
- бостандыққа жетуге мүмкіндік береді.
4. Азат етілуге ұмтылу.
Радхакришнан дүниеге діни көзқарасты дүрыс деп тапты. Сөйтіп, өзінің фи- 
лософиялық жүйесін Sanatana dharma - «Мэңгілік дін» деп атады. Радхакришнан 
бұл туралы былай деді: «Мэңгілік дін элеуметтен жэне шындықтан аластауға ұм- 
тылатын иррационалды немесе ғылымнан тыс нәрсе емес. Оны қабылдау көптеген 
қиын мәселелерді шешіп, адамға жақсылық әпереді. Бұл - мен жеке өзім эртүрлі 
жолдармен таныған философиям, бұл ең қиын кездері, ауырған жэне жазылған кез- 
де, жеңген жэне жеңілген кезде маған көмектесетін философия». Радхакришнан 
жүйесінде бастаушы нәрсе «эмбебап дін», «рух діні» деген концепциялар. Оның 
негізі мынадай: «Дін - адам өмірінде анықтаушы факторлардың бірі, әрбір адам 
жэне бүкіл адамзат сенуді, діни қызметті қажет етеді. Радхакришнан бойынша
«адам қоғамы адам мәні тэрізді сеніммен өмір сүреді, ол сенім жоғалғанда, ол да 
өледі. Сенім қиын болуы мүмкін, бірақ оған қажеттілік орасан зор». Діни тэртіп, 
Радхакришнан бойынша, адам эволюциясына эсер етеді. Дін - өмір квинтэссен- 
циясы: Дін бір нәрсені ұстауга бағытталған қозғалыс емес. Бұл - болмыс формасы
өмір салты. Рухани өмір - шешілуі тиіс мэселе емес, жасауы қажет реалдылық. 
Діннің ең басты рөлі сол, тек дін ғана барлық тіршіліктің мистикалық бірлігін 
тануға мүмкіндік береді. Мистицизм - діннің тамыры, ал дін - болмыс формасы. 
Ешбір қазіргі дін адамның сенімге деген қажеттілігін өтей алмайды. Себебі олар 
Догма мен фанатизмге толы. Радхаккришнан бойынша, діннің жоғарғы қызметі
- адам тұлғасын биікке көтеру. Ал қазіргі діндер адамды іштей қайшылықтарға 
жетектеп, гуманизммен теке тіреске түседі. Гуманизм - уақыт пен мэңгілікті, ж ан. 
мен денені бөлетін дін формаларына әділ қарсылық. Әрбір дін адам жэне тұлға құ- 
қығына құрмет көрсетуді үйретуі тиіс. Радхакришнан адамды орталық мэселе ре- 
тінде қарастырды. Адамды биологиялық мэн ретінде түсінді. Өзге тіршілік иеле- 
рінен айырмашылығы адамда дене, парасат, рух бірлікте болады. Әрбір адамда 
құдайлық бір нэрсе бар, ол имманентті, тумысынан берілген мэңгілік нэрсе.
«Мэңгілік» жүйесінде Радхакришнан моральға өте үлкен көңіл бөледі. Оның 
ойынша, сенім мен адам тэртібі эрдайым бірге жүреді. Демек, әмбебап дінге эм­
бебап мораль сай келуі керек. «Эмбебап мораль болашақтың мәселесі, - деді 
ол, - орталық орынды таптық күреске негізделген уақытша моральдар алады». 
Радхакришнан бойынша, рухани күштер ғана жаңа типті адамды қамтамасыз ете-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет