2 7 8
V III тарау. К дзаң философиясы
Кіші қара қалмақ буледе,
Бозылардың билігі
Бұлт бұрқан болысты,
Уағдадан жылысты,
Буыршындай тіздесті,
Жамандықш іздесті,
Бірін-бірі күндесті.
Жаулаған ханын қара оңбас,
Хан қисайса бәрі оңбас,
Ханын қалман жаулаған,
Сүйткен қалмақ оңбаған,
Сол қалмақгьщ жұрты еді-ау,
Үш Қарқара, Көктөбе.
Итгей ұлып қалмаған, -
деп елді сақтандырады, бірлікке, ынтымаққа, ханды қолдауға, сыйлауға шақырады.
Бұқар жырлары нақыл сөздерге, философиялық ойлы тебіреністерге толы, өз
заманының көкейтесті мэселелерін көтеріп отырған азамат ақын болғандығын
көреміз.
Өз заманының көкейтесті мэселелерін көтеріп отырған азамат ақын:
Шашырап шьгққан хандар көп,
Шашау жатқан малдар көп,
Қайсы бірін айтайын,
Айта берсең сөздер көп, -
деп бар ішкі жан дүниесімен күйзеле толғайды. Бұқар толғауларынан жыраудың
өмірге, өзін қоршаған ортаға деген философиялық көзқарасы аңғарылады. Абы-
лай тұсы осының алдындағы Тэуке заманынан мүлде өзгеше еді. Үш жүздің
жігі ыдырап, ескі бірлік жойылды, хан-сұлтандар бас-басына би болып кетті,
рулық, руаралық тартыс, өзара қырқыс күшейді. Қазақ даласында болып жатқан
өзгерістердің екінші бір алуаны оның Ресейге қосылуына байланысты еді.
Сондықтан Бұқар өзі өмір сүріп отырған заманға оншама ризашылық білдіре
қоймайды»88.
Ол өз заманы туралы:
Ай заман-ай, заман-ай,
Түсті мынау тұман-ай,
Істің бэрі күмән-ай,
Баспақ, тана жиылып.
Фана болған заман-ай!
Құл-кұгандар жиылып,
Құда болған заман-ай!
Арғымағын жоғалтып,
Тай жүгірткен заман-ай!
Азаматын құлатып,
Жұрт талық болтан заман-ай!
Арғымақгың жалы жоқ -
Жабылар жалыменен теңелер,
88 Мағауин М. Қобыз сарыны. - Алматы, 1968. - 91-92-6.
|