Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 6 А III тарау. Ортағасырлык, философия



Pdf көрінісі
бет53/305
Дата20.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#192364
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

5 6
А
III тарау. Ортағасырлык, философия
Әл-Фараби астрономиялық еңбектерінде ежелгі гректің ұлы астроно­
мы Клавдий Птолемейдің еңбектерін түсіндіре, кемелдендіре отырып, өз та- 
рапынан да теориялық (математикалық), практикалық мәні зор қорытын- 
дылар жасап, соны идеялар, пікірлер айтады. Мысалы, ол тарихта тұңғыш рет 
Шолпан планетасының Күннің бетін басып өтуін бақылайды, «Астрологиялық 
болжамдарда не дұрыс, не теріс» деп аталатын трактатында ғұлама ғылыми аст- 
рономияны, жұлдыздардың орны, түр-түсі, қозғалысы, т.б. көрінерлік қасиетте- 
ріне сүйеніп, жер бетіндегі оқиғалардың, адам өмірінің болашағын алдын ала 
болжауға болады дейтін дүдэмал, күмәнді ғылымсымақты астрологиядан бөліп 
қарайды.
Әл-Фарабиден бізге жеткен ең үлкен ғылыми теориялық еңбек «Музыканың 
ұлы кітабы» болып табылады. Мұнда музыка теориясы физика-математикалық 
негізде қорытылып, баяндалған, мәселен, физиканың акустика, механика мәсе- 
лелері бойынша кең қамтылып, дыбыстың табиғаты, тараулары, қозғалысы, ре­
зонанс, т.б. бойынша көптеген соны пікірлер айтылады.
Физика саласындағы ғұламаның көрнекті еңбегі «Вакуум туралы» деп 
аталады. Мұнда ол табиғатта вакуум (бостық) жоқ екенін ежелгі грек оқымыс- 
тыларында сирек кездесетін тәжірибеге (экпериментке) сүйенген логикалық қо- 
рытындылар арқылы дәлелдеуге тырысады. Бұл еңбегінде ол вакуум мэселесінен 
басқа да физиканың эртүрлі моселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның дең- 
гей-дәрежесіне сай шешімдерін тауып беруге тырысады. Олардың ішінде дене- 
нің жылылық үғымы не кішіреюі, түсірілген кернеу-күшке, қысымға байланысты 
ауа көлемінің ұлғаю немесе кішірею құбылыстарының заңдылықтары, ол күштің 
жан-жаққа берілуі жэне басқалар бар.
«Алхимия өнерінің қажеттілігі туралы» деп аталатын трактатында ғұлама өз 
тұсындағы химиялық білім-дағдыларды талдай, сарапқа сала келе, ол химияның 
жалған қабыршағынан ғылыми дэнін бөліп алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар 
жаратылыстану ғылымы қатарына қосады.
Әл-Фарабидің медицина, биология ғылымдарына да үлкен мэн бергені мә- 
лім болып отыр. Ол, әсіресе бұл ғылымдарды теориялық-философиялық тұргыда 
зерттеуге көп күш жұмсаған. Медицина жөнінде «Адам ағзалары жайлы Арис- 
тотельмен алшақтығы туралы Галенге қарсы жазылған трактаттар», «Жануарлар 
ағзалары», «Темпераменттер туралы», т.б. еңбектер жазған, бұларда ол негізі- 
нен медицина ғылымының пэнін, міндет-мақсатын анықтап беруді көздейді. Бұл 
еңбектерден үлы ғұлама медик Әбу-эли ибн Сина тэлім алған. Мэселен, оның 
«Медицина негізінде» атты эйгілі шығармасы теориялық, эдістемелік жағынан 
ұстазының аталмыш «Адам ағзалары жайлы» трактатына өте жақын келеді. Әл- 
Фарабидің бүлардан басқа көптеген философиялық жэне натурфилософиялық тұ- 
жырымдарында да жаратылыстану жайында айтылған бағалы пайымдаулар мен 
ғылыми қорытындылар кездесіп отырады. Оларды жиыстырып, бір жүйеге келті- 
ру - фарабитанушылардың кезекті міндеттерінің бірі.
Ғүламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау бары- 
сында оның педагогика тарихындағы ұлы түлгалардың бірі болгандығын көреміз. 
Ол - Шыгыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаган ағартушы 
оқымысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет