Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
Д раб тілді ислам философиясы 5 5 Әл-Фарабиді дүниеге танытқан музыка теориясы туралы шығармаларының
бірі —
«Музыканың үлкен кітабы» атты еңбегі. Ғұлама бүл еңбекте математикалық
тэсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне
түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын гана жазып
қоймай, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай
да білген. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыкант ұлы бабамыз
Әбу Насыр эл-Фараби десек, біз қателеспеген болар едік. Оған бірнеше тылы-
ми дәлелдер, Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі куэ бола алады. Оның
шебер орындаушылыты жөнінде Шығыс халықтары арасында күні бүгінге дейін
айтылып жүрген көптеген аңыздар да бар.
Фарабидің бұл кітабы музыкалық дыбыстың сипаты мен құрылымынан
бастап, музыканьщ поэзиямен байланысына дейінгі музыкалық тылымның мә-
селелеріне ғана арналмай, музыканың эстетикалық-теориялық принциптерін ше-
шуге бағытталтан. Музыка зерттеу саласындағы еңбектерінде Фараби музыканьщ
емдік қасиетін, жағымды әсерін жан-жақты дәлелдеді, сондай-ақ оның тәрбиелік
мәні зор екенін баса айтты. Адамның музыка шытарудағы қабілетті дэрежесінің
әртүрлі сатысын көрсетіп, адамның жандүниесіне жағымды, жағымсыз эсер ете-
тін музыкалық жанрларта талдау жасады.
«Музыканың үлкен кітабы» музыка ғылымына кіріспе, музыка ғылымы-
ның негіздері, музыкалық аспаптар, музыкалық композиция іспетті үлкен-
үлкен төрт тараудан тұрады. Фарабидің бұл еңбегі XV ғасырда латын тілі-
не аударылып, Еуропа музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен әсерін
тигізді.
Қазақстан оқымыстыларының соңты зерттеулері эл-Фарабидің жаратылыс-
тану-математика ғылымдары бойынша да аса терең, сындарлы мұра қалдырғанын
анықтап отыр. Бұл, әсіресе оның математика, астрономия, физика, медицина, хи
мия, биология салалары бойынша жазған еңбекгерінен айқын көрінеді. Ғұлама
«Ғылымдардың шығуы туралы» атты трактатында табиғаттану ғылымдары-
ның шыту төркінін, себептерін ашьш көрсетуге тырысады. Оның пікірі бойын
ша, табиғат әуелде жаратқан бір Алланың құдіретті күшімен пайда болып, одан
былай өз алдына дербес заңдылықтарымен өмір сүрді. Бөтен еш нәрсеге тэуел-
ді болмайды. Жаратылыстың, болмыстың түп негізінде субстанция, акциденция
жатыр. Оларды танып-білу ғылымдардың қалай шыққанын жэне өзінше қалай
дами бастағанын сипаттайды.
Ғүламаның математикаға қатысты еңбектері: «Евклидке түсініктеме» атты
геометриялық трактат, Птолемей «Алмагесіне түсініктеме», «Музыканың үлкен
кітабы», т.б.
Ол математик ретінде өзара бір-бірімен тығыз байланысты үш бағытта зерт-
теулер жүргізіп, көрнекті жетістіктерге жеткен. Олар: 1. Математиканың эдіс-
темелік мэселелері (математикалық ғьшымдардың пэні, негізгі ұғымдарының,
әдістерінің шыту тегі, т.б.). 2. Математиканың нақты проблемаларды шешуге
қатысуы. 3. Математиканы астрономия, музыка, география, геометрия, т.б. гы-
лымдарга қолдану. Әл-Фараби, эсіресе математика философиясы, геометрия, три
гонометрия салалары бойынша ірі жаңалықтар ашқан (алгебраның пэнін анықтау,
салу есептерін бір жүйеге келтіру, синустар теориясы, т.б.).