Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі



Pdf көрінісі
бет56/71
Дата21.11.2023
өлшемі2,34 Mb.
#192569
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71
Байланысты:
каз 28 08 2023

10-11-сыныптар
. Негізгі мақсат: кәсіби жоспарларды түзету, таңдалған 
қызметке дайындықты бағалау. Кәсіптік бағдарлау іс-шаралары білім 
алушылардың кәсіптік ниеттерін нақтылау бойынша жоба жұмыстарын 
жасаумен аяқталады. 
Кәсіптік бағдар берудің маңызды құрамдас бөлігі оқушылардың 
шығармашылық практикалық тапсырмаларды орындауы болып табылады. Олар 
таңдалған бейінді және одан әрі оқу бағытын нақтылау міндетін орындайды және 
жасөспірімге нақты әрекеттерді, тапсырмаларды орындауға, сұрақтарға жауап 
беруге, жасалған таңдаудың дұрыстығын тексеруге мүмкіндік беретін 
әрекеттерден тұрады. Жобалық жұмыста кәсіби ілгерілеудің алыс және жақын 
мақсаттарына, олардың қоғамдық және жеке құндылықтармен келісімділігіне 
негізделеді. 
10-11-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысының маңызды 
бағыттарының бірі олардың мүдделерін, бейімділіктерін, кәсіби қалауларын, 
қабілеттерін, жеке ерекшеліктері мен құзыреттерін анықтау, кәсіби өзін-өзі 
анықтау тұрғысынан одан әрі дамыту үшін проблемалық аймақтар және 


80 
ресурстарды анықтау үшін диагностика жүргізу жүзеге асырылады. Бұл кезеңде 
оқушының жеке басына тән келесі ерекшеліктері зерттеледі: құндылық 
бағдарлары, қызығушылықтары, қажеттіліктері, бейімділігі, кәсіби ниеттері, 
мамандық таңдау мотивтері, мінез ерекшеліктері. Осы кәсіптік бағдарлау 
диагностикасы мектеп оқушыларының табысты кәсіби өзін-өзі анықтау және 
өзін-өзі жүзеге асыру шарттарының бірі болып табылады. 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Орта білім беру 
ұйымдарындағы кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша» әдістемелік ұсынымдар 
әзірледі. Материалдар
 
https://uba.edu.kz/qaz/metodology/3
 
сайтында қолжетімді
 


81 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет