Лекция Магнит өрісі. Магнит өрісінің табиғаты. Тұрақты магнит өрісі. Био-Савар заңы



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата21.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#192760
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция 9. Магнит өрісі. Ампер заңы

Магнит индукциясының векторы
Электр өрісі векторлық шамамен, яғни электр өрісінің кернеулігімен 
сипатталады. Магнит өрісін сан жағынан сипаттау үшін физикалық ерекше 
шаманы енгізу қажет. Магнит өрісі магниттік индукция векторымен (
В

сипатталады. 
В
-ның мәні магнит моменті бар қозғалыстағы электр зарядына 
және денелерге өрістің берілген нүктесінде әсер етуші күшті анықтайды. 
Магнит өрiстерiн бейне түрiнде кескiндеу үшiн магнит индукциясы 
сызықтарын пайдаланады. "Магнит өрісі” терминін 1845 ж. ағылшын физигі 
М.Фарадей
енгізген. Ол электр өзара әсер сияқты магнит өзара әсер де 
бірыңғай материялық өріс арқылы беріледі деп санаған.
Магнит өрісінің көздері — магниттелген денелер, тогы бар өткізгіштер 
және қозғалыстағы зарядталған денелер. Бұл көздердің табиғаты бір: Магнит 
өрісі зарядталған микробөлшектердің (электрон, протон, ион), сондай-ақ


микробөлшектердің меншікті (спиндік) магнит моменті болуының 
нәтижесінде пайда болады. 
Айнымалы магнит өрісі электр өрісінің, ал электр өрісі магнит өрісінің уақыт 
бойынша өзгерісі нәтижесінде пайда болады. Электр және магнит өрістері, 
олардың бір-бірімен өзара әсерлері Максвелл теңдеуімен толық сипатталады. 
Магнит өрісінің 
кернеулік
 (Н) мен магнит 
индукциясы 
(В) — өрістің күштік 
сипаттамасы. Кернеулік векторы өріс пайда болған орта қасиетіне тәуелсіз 
шама болса, индукция векторы қарастырылатын денедегі қорытқы өрісті 
сипаттайды. Сондай-ақ, индукция векторы магнит өрісінде қозғалған зарядқа 
әсер ететін күшті, магнит моменті бар денеге магнит өрісінің тигізетін әсерін, 
өріс тарапынан байқалатын басқа да әсерлерді анықтайды. 
Кез-келген электр тогының немесе қозғалыстағы зарядталған 
бөлшектердің айналасында магнит өрісі болады. Магнит өрісін сандық 
сипаттау үшін физикалық векторлық шама магнит өрісінің индукция векторы 
енгізілген. Магнит өрісінің индукция векторы магнит өрісінің күштік 
сипаттамасы болып табылады. Өлшем бірлігі 
Бағыты мен шамасы өзгермейтін магнит өрісін біртекті магнит өрісі деп 
атайды.
Магнит өрісін көрнекті түрде бейнелеу үшін 
магнит өрісінің күш сызықтары немесе индукция 
сызықтары 
енгізілген. 
Әрбір 
нүктесіне 
жүргізілген жанама сол нүктедегі индукция 
векторының бағытымен сәйкес келетіндей магнит 
өрісінде жүргізілген сызықтарды магнит өрісінің 
күш сызықтары деп атайды. 
Күш сызықтарының жиілігі – магнит өрісінің 
шамасына тура пропорционал. 
Магнит өрісінің индукция векторының бағыты 
бұрғы ережесімен анықталады. 
Магнит өрісінің күш сызықтары –
тұйықталған сызықтар, яғни магнит өрісі – 
құйынды өріс болып табылады. Тұрақты магнитте 
екі полюс болады. Оның солтүстік полюсін - N
оңтүстік полюсін - S деп белгілейді. Тұрақты 
магниттің магнит өрісі оңтүстік полюстен 
солтүстік полюске қарай бағытталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет