Сабақтың тақырыбы :Жердің магнит өрісінің сферасы
Сабақтың мақсаты: Магнит өрісінің қасиетерін білу және жердегі магнит өрісінің әсерелері туралы білу
Теориядан қысқаша мәліметтер
Магнит өрісі дегеніміз материяның бір түрі. Магнит өрісінің тәжірибе жүзінде тағайындалған негізгі қасиеттері мыналар:
1. Магнит өрісін электр тогы (қозғалысқа түскен зарядтар) тудырады.
2. Магнит өрісі электр тогына (қозғалысқа түскен зарядтарға) тигізетін әсерден барып байқалады.
Магнит өрісі, электр өрісі сияқты, бізге тәуелсіз, біздің ол туралы білуімізге тәуелсіз нақтылы бар екені ақиқат.
Ежелгі шежіреде бұдан 4000жыл бұрын Қытайда магнит ұғымы жөнінде жазылған. Кейінірек оны магнитті суда жүзіп келе жатқан қамыстарға орнатып индиялықтар, арабтар, гректер пайдалана бастаған.
ХІV ғасырдың бас кезінде италян Флавий Джойя шкалалы компасты қолдануға ұсынды. Христофор Колумб магнит бұрылуының тұрақты болып қалмайтындығын, географиялық координаталардың өзгеруімен байланысты өзгеретіндігін ашты. Жердің магнит өрісін қайта зерттеуге түрткі болды. 1544 жылы неміс Г. Гратман магнит еңкейуін ашты. Магнит еңкеюі деп, Жердің магнит өрісінің әсерінен магнит тілінің горизонталь жазықтықтан жоғары төмен бұрылатын бұрышын айтады. Ағылшын В. Гильберт 1600 жылы жарық көрген өзінің «Магнит хақында» деген кітабында, магнит рудасынан жасалған шармен және кішкентай темір тілмен жасалған тәжірибесін баяндаған. Ұзақ уақыт бойы адамдар магнит тіліне Темірқазық жұлдызының тарту күші әсер етеді деп түсінген. Гильберт жердің өзі үлкен магнит қортындыға келді. Магнит өрісі бірте - бірте өзгереді (ғасырлық өзгеріс), оның тәуліктік өзгерісі де бар. М. В. Ломоносов 1759жылғы «Теңіз жолының үлкен дәлдігі...» деген баяндамасында жер магнетизімін зерттеу үшін үнемі магниттік бақылаулар жүргізіп отыратын тұрақты пункттер (обсерваториялар) жүйесін ұйымдастырудың керектігін айтты. 1785 жылы француз физигі Ш. Кулонның еңбегі жарық көрді, ол Жерді магнит өрісін толық өлшеуде, бағытын ғана емес, оның күшінің сан мәнін де анықтауда бастама болды.
Жердің магнит өрісінің өзгеруін зерттеуді магнитологтар өте сезгіш прибор – вариометрдің көмегімен жүргізді. Кейбір заттар, мысалы мыс, алтын, қаратікен тұз т. б магнит өрісінің әсерінен сол өріске қарама - қарсы магниттеледі. Ондай заттардың кендері Жердің магнит өрісін нашарлатады, яғни теріс магниттік анамалия тудырады.
Магнит тілінің тербелістері көп болғанда күннен - күнге 15 - 20мин ауытқиды. Жердің магнит өрісінің тәуліктік вариациялары деп атайды. Жердің магнит өрісінің тәуліктік вариациялары Күннің сәуле шығару әсерінен болады.
Жердің магнит өрісінің бітіп және космос кеңістігі магнит өрісінің басталатын шекарасы жерден 150 - 200 мың км алыста.
Жердің магнит өрісінің тәуліктік өзгерісі географиялық ендікке және жыл мезгіліне байланысты, өйткені олар Жер бетіндегі берілген нүктемен салыстырғанда Күннің қалай орналасатындығына қарай анықталады.
Магнит тілі үнемі тыныш тұра бермейді, аздап тербеліп тұрады. Кейбір күндері ол «толқып тұрады»: кенеттен және абайсызда дір ете қалады да, бір мезет тыныштала қалады, сонан градусқа жетеді. Осылайша бірнеше сағатқа, кейде бірнеше күнге созылады! Магнтологтар ондай күндерді ұйытқу немесе дауылдар күндері деп аталады. Магнит дауылдары үлкен зиян келтірді; олар радиобайланыс, электр байланыс желілеріне күшті әсер етеді.
«
Жер бетіндегі магнит өрісі 1млн жылда өзгереді. Бұл процесті бақылау қиынға түседі. Филипин аралдарындағы теңіз астындағы қалдықтарды зерттеуде 700мың жыл бұрын жердің магнит өрісі үш мәрте өз бағытын ауыстырғанын және ол үш ғасырға ғана созылғанын көрсетіп отыр. Американдық ғалымдардың пайымдауынша 3мың км жер астында ядро мен мантия арасында темір қоспаларының үлкен қоры бар. Осыған байланысты жер бетіндегі магнит өрісі мен жер асты магнит өрістерінің салдарынан магнит өрісінің өзгеру бағытына әсер етеді.
Басқа зертеушілердің пайымынша жерге түскен метеориттер жердің магнит өрісін ауытқуына әкеледі....
Күннің шығарған сәулелерінің бір бөлігі ультракүлгін сәуле. Атмосфераның жоғарғы қабаттарына өткен кезде ультракүлгін сәуле оны иондайды, соның салдарынан Жер бетінен100км биіктікте электр өткізгіш қабат - ионосфера пайда болады. Күн мен Айдың әсер етуінен ол қабатта, теңіздер мен мұхиттарда болатын тасу қозғалыстары сияқты қозғалыстар жасалады. Магнит өрісінде қозғалушы өткізгіштерде электр тогы пайда болатындықтан, геомагниттік өріс әсерінен ионосферада электр тогы пайда болады. Сонымен қатар электр тогының өзі де магнит өрісін тудырады. Ионосферадағы электр тогтарының магнит өрістері Жер бетіндегі магнит тілін үнемі тербеліп тұруға мәжбүр етеді.
Бұйым ішіндегі ақауды - қуысты немесе сызатты табу үшін магнит дефектоскопясы әдісімен анықтауға болады. Көп мөлшерде темірлерді тасымалдауға арналған магниттік крандар өндірісте үлкен сұранысқа ие. Магнит өрісі болат бұйымдарды дұрыс орналастырып салуға мысалы, шегелерді реттеп салғанда көмектеседі. Магнит өрісі арқылы құбырларды жаман қоқыстардан тазартуға да болатынын білген жөн.
үйге тапсырма осы тақырыпты мазмұндау конспектілеу
Достарыңызбен бөлісу: |