Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет101/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
250
Оқу пәндері мазмұндағы жетекші құрауыштық рөл атқарады:
1. Мазмұндық блок: пәндік ғылыми білім, әрекет тәсілдері; шы ғар-
машылық әрекеттегі тәжірибе; құндылық қатынастардағы тәжірибе.
2. Үдерістік блок: қосымша білім кешені; әрекет тәсілдері; үдерісті 
ұйымдастыру түрлері.
Егер білім мазмұнын білім беру ұйымдарына берілетін әлеуметтік 
тап сырыстың педагогикалық түсіндірмесі десек, оқу пәні – білім мазмұ-
ны ның бөлігі ретінде әлеуметтік тапсырысқа жатады, сонымен қатар бі лім 
алушының жалпы танымдық әрекет заңдылықтары мен оқыту жағ даят-
тарына сәйкес оқыту барысында білім мазмұнын жүзеге асырады. Оқу 
пәні – игеруіне тиісті білім мазмұны мен оны білім алушылар игеретін 
тәсілдерді, олардың тәрбиесі мен дамуын жүзеге асыратын негізгі құрал. 
Демек, оқу пәні – білім мазмұнын беруге арналған арнайы педагогикалық 
үйлесім, бұл жағынан ол біртұтас, соған қарамастан екі бөлімнен тұрады: 
мазмұндық және үдерістік.
Білім мазмұнының төрт құрауыштық құрамы оқу пәндерінің белгілі 
бір топтарын құрайды. Оқу пәндеріндегі жетекші құрауыштар: ғылыми 
білімдер жиынтығы, әрекеттің белгілі бір тәсілдері, шығармашылық әрекет 
тәжірибесі, құндылықтар, қатынас тәжірибесі, әлемнің бейнелік көрінісі.
«Кіріктірілген пән» деген ұғым жай қосу емес, оқу материалындағы 
әрекет кірігуі, оның мәні мен өзара байланысына және жинақтылығына 
қарағанда әлдеқайда тереңде жатыр.
Оқу пәнін құрастыру мәселелеріне байланысты туындайтын заңды-
лықтар анықталды:
– кез келген оқу пәні көрсетілген типтердің біреуіне жатады және ол 
өзінің дидактикалық моделіне сәйкес құрастырылуы тиіс;
– оқу пәнінің әр типінің өзіне сәйкес мазмұнын жеткізу, оны игеруді 
ұйымдастырудың өзіндік жүйесі бар. 
Егер пәнінің жетекші қызметі оқушыларды нақты ғылым негізін, 
оның маңызды ұғымдары мен заңдары жүйесін таныстыру болса, онда 
оқу материалының құрылымы мен жүйесі ғылыми ұғымдардың даму 
заңдылықтарын білім алушы санасына сәйкестендіріп жасауы тиіс. Ал 
пәннің жетекші қызметі белгілі бір әрекет тәсілдерін қалыптастыру болса 
(білік және дағды), онда пәннің мазмұндық, логикалық желісі практикалық 
қызметті игеру ерекшелігіне сәйкестенуі тиіс: оқу пәндерінің типтері бір-
бірінен қызметі мен мазмұндық жетекші компоненттері бойынша ажыра-
тылатын болғандықтан, сол компонентті жеткізу барысында пайдаланыла-
тын оқыту әдістері де сол пәннің типі үшін жетекші ұстанымда болуы тиіс; 
оқу пәнінің мазмұны оның жетекші компонентінің ерекшелігіне байла- 
нысты жүзеге асыру тәсілдеріне сәйкес болып табылады; оқу пәнінің 
әртүрлі типтерінің ерекшеліктері оқыту әдістерін тануда шектеулік сипатта 


251
4.2. Педагогика әдіснамасы саласындағы жетекші ғылыми мектептер
болады, сондықтан оқыту тәсілдерін іріктеуде пәннің жетекшілік қызметін 
ескеру керек.
Оқулық – білім мазмұнын оқу материалы деңгейінде нақтылы түрде 
көрсетудің негізгі формасы. 
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселесі
В.Н. Максимова, А.С. Роботова, Г.И. Щукинаның дидактикалық зерттеу-
ле рінде қарастырылған. Г.И. Щукина танымдық қызығушылық мәселесін 
тұ тастық тұғырымен талдай келе, «танымдық қызығушылық – тұлғаның 
таңдаулы бағыттылығы, таным саласына жолдауы, тіршілігіне, белгілі 
әлеуметтік жағдайларда қалыптасқан тұлғаның маңызды білімді меңгеруі» 
деп анықтаған. Ғалым сабақты танымдық қызығушылықты оқушының 
тұрақты танымына айналдыратын сабақтан тыс уақыттың орнын ерекше 
бағалап, оған мән бередді. 
ХХ ғасырдың 60-жылдардың ортасынан бастап дидактиканың даму 
барысына жасалған талдау педагогика ғылымының бұл саласында едәуір 
алға жылжушылық үдерісін байқатты. Бұл, ең алдымен, оқу-тәрбие үде-
рісін зерделеуге тұтастық тұғырын қолданудан, оның қозғаушы күштерін 
анықтаудан, оқушыларды оқыту мен үйретудің заңдылықтарын ашуға ұм-
тылудан көрінеді. Осы негізде оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру 
мәселелеріне көңіл аудару күшейе түсті және бұл үдерістің мазмұнын ашып 
көрсетуде белгілі бір жетістіктерге қол жетті. 
Дидактика тарихын зерттеушілер жүйелілік тұғырын зерттеу нысаны-
на көшіре отырып, ол нысанды ұғымдардың жиынтығы (оқыту мақсаты, 
оқыту ұстанымдары, оқыту әдістері, оқытудың ұйымдастырушылық фор-
малары, оқушылар білімін тексеру) деп қарастырды.
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесін
О.А. Нильсон зерттеді. Танымдық әрекетті ұйымдастыруға қолайлы 
жайттарды іздестіру проблемалық оқытудың терең зерттелуіне әкелді
(М.И. Махмутов, Т.В. Кудрявцев, А.М. Матюшкин, Т.И. Шамова, Г.И. Щу - 
ки на және т.б.). И.Я. Лернер проблемалық оқыту теориясын дамыт ты, 
оқы ту әдістері жүйесінің дидактикалық негіздерін анықтады. Л.Я. Зори-
на жаратылыстанулық-ғылыми білім беру мазмұнын қалыптасты ру тұ-
жы рымдамасын жасады. И.К. Журавлевпен бірге ғылым негіздері нен оқу 
пәнінің дидактикалық моделін құрды. В.С. Цетлин оқушылар дың сабақ та-
ғы және сабақтан тыс танымдық әрекетін ұйымдастыру, оқытуда ғы қиын-
дықтар мәселелерін зерделеді. Оқыту үдерісін тұтас талдау Ю.К. Бабанский-
ге оқу-тәрбие үдерісін оңтайландыру теориясын жасауға мүмкіндік берді.
70-жылдардың екінші жартысынан бастап жалпы орта білім беру мазмұны 
теориясын жасау саласында жаңа зерттеулерге талпыныстар басталды.
Білім беру мазмұны мәселесін терең зерттеу «білім беру мазмұны» 
түсінігін нақтылауды талап етті. Бұл мәселені шешуде И.Я. Лернер ма ңыз-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет