4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
254
– М., 1983 (ред. и соавт); Теоретические основы процесса обучения в шко-
ле. – М., 1989 (соред и соавт).
Н.М. Шахмаев дидактиканың әдіснамалық мәселелерін зерттеді,
дидактикалық білімнің нысанын, пәнін, қызметтерін, дидактиканың басты
ұғымдарын анықтады, білім мазмұнының қалыптасу деңгейлерін негіздеді,
оның құрылым туралы түсінігін толықтырды.
Шахмаев Николай Михайлович (1919–1991)
ең бектері физиканы оқытуда техникалық құралдар
пай даланудың дидактикалық мәселелеріне арналды.
Ол жоғары оқу орындарына арналған физика пә ні-
нен оқу және оқу-әдістемелік құралдардың авторы,
са ралап оқытуды теориялық негіздеді және оны тә-
жірибеде жүзеге асыру сұрақтарын қарастырды.
В.В. Краевский, М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер,
Н.М. Шахмаевтың ғылыми мектебінің жетістіктерін
былайша сипаттауға болады. Олар:
– білім беру мазмұны теориясының мәдени
танымдық тұжырымдамасы, оның құрамына білім
беру мазмұнының көзі әлеуметтік тәжірибе екендігі туралы түсінік енді;
білім беру мазмұнының құрылымдық элементтері сипатталды; білім беру
мазмұнының құрылымдық элементтері – нәтижелері білімдер болып табы-
латын танымдық әрекет тәжірибесі; үлгі бойынша әрекет етуді көрсететін
әрекеттің белгілі тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесі; мәселелік жағдаяттарда
ерекше шешім қабылдау біліктіліктері түріндегі шығармашылық әрекет
тәжірибесі; сезімдік-құндылық қарым-катынасты жүзеге асыру тәжірибесі
туралы түсініктер, білім беру мазмұнын калыптастыру деңгейлері: пәнге
дейінгі, пәндік, оқу материалы, білім беру практикасы енеді;
– педагогикалық құралдар көмегімен білім мазмұнын іске асыра-
тын оқу пәні теориясы. Ол өзі тұтас бола тұрып, екі бөліктен тұрады: мең-
герілуге тиісті білім беру мазмұнының бөлімі және оны оқушылардың
меңгеруі, дамуы және тәрбиеленуі үшін қажет құралдар. Жетекші құраушы
бөлігі негізінде оқу пәндерінің жіктемесі жасалды. Оқу пәнінің мәні, оның
қызметтері; мектептің және білімдік бағдарламалардың жалпы міндеттерін
шешу үшін маңыздылығы мен ерекшелігі; материалдарды оқу сатылары-
на тарату жолдары; әдістемелік жүйе және мақсаттарға жету құралдары;
оқу пәнінің мазмұнын таңдаудың, оны оқытудың жалпы логикасы мен ретті
оқытылуының негіздемелері; білім беру мазмұнын құрастыруға негіз бола-
тын мәселелер типтері; ғылым мен оқу пәнінің арақатысы;
– оқулық тұжырымдамасы: оқулықтың қызметтері, құрылымы, маз-
мұндық рәсімделуі, материалды таңдау және беру тәсілдері, мәтінді әң-
гімелеуге, мазмұнына, тармақшалар ішіндегі логикалық байланыстарға
және оқулыққа, меңгеру аппаратына қойылатын талаптар;
255
4.2. Педагогика әдіснамасы саласындағы жетекші ғылыми мектептер
– оқыту әдістері, оқушылардың танымдық әрекетін белсендіру әдіс-
тері мен құралдары, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту теориясы.
Оқыту үдерісіне қатысушылардың – мұғалім мен оқушының әрекетіне,
оқыту әдістерінің типтеріне, оқу материалының сипатына, оқушыларды да-
мыту міндеттеріне негізделген оқыту әдістерінің типтері анықталды және
т.б. (М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер, В.В. Краевский, И.К. Журавлев, Л.Я. Зо-
рина, ХХ ғасырдың 80-жылдары);
– оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған гумани-
тар лық оқу пәндеріндегі танымдық есептер жүйесі (И.Я. Лернер, ХХ ға-
сырдың 70-жылдары);
– саралап оқытудың дидактикалық негіздері (Н.М. Шахмаев, ХХ ға-
сырдың 60-жылдары).
Жалпы орта білім беру мазмұнының құрылымын В.С. Леднев оқу-
шы ларды мамандық таңдау мен кәсіптік оқуға даярлау тұрғысынан қа-
растырды. Білім беру мазмұны теориясы аясында оқытудың «оқытудың
мақсаты», «оқытудың ұстанымдары», «оқытудың әдістері» сияқты негізгі
ұғымдары зерделенді. Аталмыш қағидалардың басым көпшілігі «Орта мек-
теп дидактикасы» атты ұжымдық еңбекте көрініс тапты. Мектептегі оқыту
үдерісін ұйымдастырудың жүйелік негіздері үнемі қарастырылып отырыл-
ды. Сабаққа қойылатын талаптар нақтыланды. Оқушылардың білім сапасы
анықталды.
Ғылыми мектептің негізін салушылардың идеялары олардың ізбасар-
ла рының іргелі еңбектерінен көрініс тапты. И.К. Журавлевтің оқу пәні
тұжырымдамасы, И.В. Шалыгинаның гуманитарлық білім мазмұнын таң-
дау туралы, Л.А. Краснованың оқушыда ғылыми таным жайлы түсінік қа-
лыптастыру туралы еңбектері дәлел бола алады.
Қазіргі уақытта осы жетістіктер негізінде дидактика ХХІ ғасырдың
оқыту жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін нақты зерделеуде.
Балалар ұжымын тәрбие құралы ретінде көптеген жылдар бойы зерт-
теген Л.И. Новикова: «Оларды мақсатты басқарудың тиімділігі көбінесе
балалар ұжымында болып жатқан әлеуметтік-пси хи-
калық үдерістерді білуге және оларды тәрбие субъ-
ектісі ретінде сипаттауға байланысты», – деп тұжы-
рымдайды.
Новикова Людмила Ивановна (22.1.1918, Горки,
Белоруссия) – педагог, РБА академигі, педагогика
ғылымдарының докторы, профессор. Педагогика
ғылымдары академиясы жүйесінде 1951 жылдан
бастап істеді.
Л.И. Новикованың жетекшілігімен тәрбие тео-
риясы саласындағы зерттеулер 80-жылдардың екін-
|