4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
256
ші жартысында дами бастады. Педагогиканың теориясы мен тарихы инсти-
тутында Тәрбие теория орталығы Ресей білім академиясының академигі
Л.И. Новикованың жетекшілігімен құрылған. Л.И. Новикованың ғылыми
мектебін профессор Н.Л. Селиванова басқарады.
Бұл мектепте мынадай нәтижелер алынды:
– балалар ұжымы теориясы;
– тәрбие жүйелері теориясы;
– тәрбие мен тәрбиелік кеңістіктің көпсубъектілігі тұжырымдамасы.
Л.И. Новикованың ғылыми жұмысының негізгі бағыттары: тәрбие
теориясын (оның ішінде тәрбие ұжымы, оқушылардың өзін-өзі басқаруы,
мектеп пен ортаның өзара әрекеттестігі, мектептік тәрбие жүйелері)
зерттеушілік ізденістің әдіснамасы мен әдістері. Оның еңбектерінің ішінде
«Бала ұжымы педагогикасы», «Тәрбие үдерісін жүйелі зерттеу» кітаптары
зерттеуші педагог үшін аса қажет. Сондай-ақ тәрбиенің нысаны мен
субъектісі ретіндегі балалар қауымдастығы тұжырымдамасының жасалуы
мәнді нәтижелер деп сипатталады.
Л.И. Новикова аталған теориялар мен тұжырымдамаларды жасау бары-
сында тәрбие саласын зерттеушілерге зерттеудің әдіснамасы мен әдістерін
жүйелі қолдану туралы құралдар ұсынды.
Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтенуі мен тәрбиесі саласында
бірнеше бағыттар бар, солардың аясында көкейкесті нәтижелер алынды.
Ол нәтижелер:
– ұзартылған күн мектебі тұжырымдамасы. Кеңес Одағы тұсында
бұл тұжырымдама кеңінен таралды және тәжірибеде белсенді қолданылды
(1970 жылдары Э.Г. Костяшкин жетекшілік етті);
– әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру тұжырымдамасы сол
кезде мектеп практикасына енгізілген оқушыларды әлеуметтендіру фор-
малары. Т.Н. Мальковскаяның жетекшілігімен жастардың белсенді өмірлік
бағдарларының қалыптасуының теориялық негіздері жасалды, кәсіптік-
техникалық училищелердің оқушыларының құндылық бағдарлары мен
қызығушылықтары, оқушылардың әлеуметтік мәдениеті және рухани
қажеттіліктері зерттелді.
З.А. Малькова мен Б.Л. Вульфсонның «Салыстырмалы педагогика»
ғылыми мектебі.
Ғылыми мектепке Ресей Білім академиясының академиктері Зоя Алек-
сеевна Малькова мен Борис Львович Вульфсон жетекшілік етті. Ғылыми
мектептің елу жылдан астам уақытта елде қоғамдық дүниетанымдық
хал-ахуал, идеологиялық қағидалар мен ғылыми ойлар терең өзгерістерге
ұшы рады. 1980 жылдардың ортасына дейін салыстырмалы педагогикалық
зерттеулердің нәтижелерінің бір-біріне идеологиялық қарсы қоғамдық-
сая си жүйеге әсері күшті болды. 1980 жылдардың аяғынан бастап педа-
257
4.2. Педагогика әдіснамасы саласындағы жетекші ғылыми мектептер
го гикалық білімнің жаңа саласы – педагогикалық компаративистика да-
мыды. Осы салада салыстырмалы педагогиканың әдіснамалық негіздері,
шетелдік және отандық әдебиеттерді зерделеу әдістері, оларды жіктеу мен
рангілеудің ұстанымдары, зерттеуші құбылыстар мен нысандар туралы
мәліметтердің шынайылығы дәрежесін анықтау тәсілдері құрастырылды.
1980 жылдардың соңынан осы уақытқа дейін салыстырмалы-педа го-
гикалық зерттеулерде негізінен Еуропа елдері мен АҚШ-тың және Кеңес
Одағының білім беру жүйелерінің қалыптасуы тәжірибесі мен дамуының
жағымды және жағымсыз қырларына объективті сыни талдау жасалуда.
Компаративистика негізінен салыстырмалы түрде жаһандық деңгейде
және түрлі геосаяси аймақтардағы білім берудің дамуының жағдайы,
бағыттары мен заңдылықтарын талдайды, жалпыға ортақ үрдістер мен
оқыту-тәрбие практикасындағы ұлттық ерекшеліктерді ашып көрсетеді:
салыстырмалы педагогика мәселелері педагогика тарихының зерттеу
пәндерінде де орын алады, салыстырмалы педагогика заманауи құбылыстар
мен үдерістерді қарастырады.
Ғылыми мектептің теориялық және әдіснамалық негіздері.
1. Салыстырмалы педагогика – саясаттану, әлеуметтану, демография,
экономика, психология, тарих және т.б. ғылымдардың қағидаларын қол-
данатын ғылыми білімнің пәнаралық саласы.
Салыстырмалы-педагогикалық зерттеу нәтижелерін басқа ғалымдардың
мамандары да өздерінің мәселелерін тереңірек зерттеуде пайдаланатын
ғылыми білімнің пәнаралық саласы.
2. Салыстырмалы педагогиканың басты теориялық-әдіснамалық мә-
селесі – жаһандық пен ұлттықтың арақатынасы. Білім беру жүйесінің
ұлттық өзіндік ерекшелігі – мемлекеттік тәуелсіздігі мен кез келген елдің
мәдени өз құрылымы.
3. Мәселелерді зерделеудің кешендік сипаты.
Зоя Алексеевна Малькова (1921–2003) кеңестік және ресейлік ком-
паративист, салыстырмалы педагогиканың дамуына қомақты үлес қосты.
Оның жетекшілігімен Ресей Білім академиясында компаративистер ұжымы
30 жыл бойы Еуропа, Солтүстік және Латын Аме-
рикасы, Оңтүстік-Шығыс Азия, Қытай және Жапо-
ния елдерінің білім беру жүйесінің даму үрдістері
салыстырмалы түрде зерттелді. Бұл елдердегі педа-
го гикалық теория мен практиканың даму үрдістері
де талданды.
З.А. Малькованың жеке зерттеулері мен ком-
паративистер ұжымының ғылыми еңбектері салыс-
тырмалы педагогиканы сұранысы аз ғылыми са-
ладан жалпы педагогиканың жетекші әрі ғылыми
|