Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет3/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ: 
ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСНАМАСЫ
1.1. Ғылым және ғылыми-педагогикалық зерттеу
Ғылым деген не, оның қандай мәселеге арналғаны, ғылым саласында 
қалай сауатты, тиімді жұмыс істеуге болады деген мәселе – ғылыммен ай-
налысқысы келетін әр зерттеушіге өте маңызды, себебі мұндай сұрақтарға 
жауап табу ғылымның әр адам өміріндегі, қоғамдағы маңызын сезінуге, 
мәнін түсінуге, сонымен қатар оның жүзеге асырылуының сатылары мен 
тетігін түсінуге көмектеседі.
Ғылым танымның үйреншікті, діни, мифологиялық, көркемдік, фило-
со фиялық сияқты әдістерімен қоршаған ортаны пәндік және нысандық 
жа ғынан тану тәсілімен ерекшеленеді. Әлемді адам әрекетінің ажырамас 
бөлігі танымның көмегінсіз, одан бөлек практикалық және рухани жағынан 
өзгерту мүмкін емес.
Ақиқат болмысты ғылыми тұрғыдан танудың қажеттілігі оның адам-
зат үшін пайдалы жетістіктерге бағытталуымен түсіндіріледі. Қазіргі ин-
новациялық даму ашылған ғылыми жаңалықтардың өркениеттілік іс-
әрекеті үшін тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Ғылым – техника – 
өндіріс» үштігінің қалыптасуын қажет етеді. Ғылымның анықтамалары өте 
көп, екі жүзден кем емес екендігі оның мағынасы мен атқаратын қызметінің 
түсінуге күрделі екендігін айқындайды.
Ғылымды кеңірек мағынада шындық өмір туралы объективті білімдерді 
жасау және теориялық жинақтау іске асатын адами әрекеттің бір саласы деп 
қарастырады. Ғылым – білімдер жасау, алу мақсатындағы әрекет, жұмыс. 
Ғылым саласындағы әрекет – ғылыми зерттеу. Бұл ғылымның құрал-
дары мен әдістері пайдаланылатын және зерттелетін объектілері туралы 
білімдердің қалыптасуымен аяқталатын нысанды жүйелі және мақсатқа 
бағытталған түрде зерделейтін танымның ерекше түрі. Ғалым сол ғылымда 
жинақталған білімнен, жалпы адами тәжірибеден алынған ақпаратқа сүйе-
неді, ол ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған. Оның нәтижелері ғы-
лымда белгілі бір олқылықтардың орнын толтырады. Зерттеу барысында 
танымның арнайы құралдары қолданылады: модельдеу, болжамдар жасау, 
эксперимент жүргізу және т.б. 
Ғылымның басты параметрлері мен белгілері төмендегі 1-кестеде көр-
сетілген. Көрсетілген параметрлер мен белгілер негізінде ғылым туралы 
түсінікті анықтаймыз.
9


1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
10
Ғылым – тарихи жағдайда пайда болған, яғни өркениеттің қа лып та-
суымен байланысты қоршаған ақиқатты тануды қамтамасыз ететін, оның 
тиімді негізде жетілуі және адамның кез келген әрекетін орындау барысын-
да тиімді шешім қабылдауды ұйымдастыратын және тұлғаның зияткерлік 
әлеуетін жұмсай отырып, арнайы құрал – эмпирикалық тәжірибе мен тек-
серуге сүйенген ойлау амалдарын жетілдірудегі тамыры терең адамзат 
әрекетінің аумағы.
ХХ ғасырда ғылым адамзаттың ең жоғары құндылығы болып табыла-
ды. Сциентизм (лат. 
scientia
– білім, ғылым), ғылымдағы дүниеге мәдени 
көзқарас тұрғысынан мойындай отырып, ғылымның рөлін абсолюттендіреді, 
ғылыми критерийлерді адамзаттың дүниемен қарым-қатынасының барлық 
түріне тарата отырып, жаратылыстану және техникалық ғылымдар әдіс те-
ріне, математикаландырылған жаратылыстануға сүйенуді ықпалды түр де 
талап етеді. Оны жақтаушылар тұрмыс пен оралымды жайлылықты, бас-
қа рылымды, адам өміріндегі жетістіктерді көтеретіндей етіп өзгертуді 
ұсынады және ғылымның адамзат өміріндегі экономикалық, әлеуметтік-
саяси мәселелерді шеше алатынына сенеді. 
Антисциентизм оған қарама-қарсы көзқарасты ұстайды. Ол ғылымның, 
ғылыми жаңалықтардың (ғылыми инновацияның) бәрін тегіс қамти алатын-
дай мүмкіндігіне сенімсіздік танытады, ғылыми-техникалық революцияның 
зардаптары мен технократия қауіптерінен сескенеді және адам өміріндегі 
адамгершілік, өнер, діни, рухани құндылықтардың, адамның сезімі мен 
күйзелістерінің маңыздылығын алға тарта отырып, дәстүрлі құндылықтарға, 
іс-әрекет амалдарына қайтып оралуды талап етеді. 
Айқын емес білім туралы тұжырымдаманың авторы М. Полани сциен-
тизм адамның ақыл-ойын шіркеуден де артық тұйықтап, тіпті маңызды 
ішкі сенімдерімізге де орын қалдырмастан, терминдермен қымтап тастауы 
мүмкін екенін айтады.
1-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет