Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет4/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

Ғылымның сипаттамасы
№ Параметрлері 
мен белгілері
Сипаттамасы
Түсіну және 
айқындау 
туралы белгі 
(0-ден 100 балл)
1
2
3
4
1 Әрекет ету 
аймағы, таралу 
шектері
– адамның іс-әрекет аймағы;
– мәдени-рухани феномен, рухани өндіріс 
формасы (түрі);
– қоғамдық сана мен адам іс-әрекеті түрлерінің 
тарихи қалыптасуының бір түрі;


11
1.1. Ғылым және ғылыми-педагогикалық зерттеу
1
2
3
4
– қоғамның барлық аймағына айтарлықтай әсері 
бар әлеуметтік институт;
– пәндік білімнің жүйесі немесе жиынтығы;
– білімнің және әдет-ғұрыптың жүйелі 
жинақталған қорының, дүниенің ақиқат 
заңдылықтарының жүйесі және таным әдісі.
2 Миссиясы 
– дүниені оңтайлы тану және адам мен қоғамның 
пайдалы іс-әрекетінің базасын қамтамасыз ету;
– техника мен өндірістің даму факторының 
ғылымның дамуымен байланыстылығы;
– мемлекет күшінің көрсеткіші қоғамның бә се-
кеге қабілеттілігінің қаншалықты қамтамасыз 
еті лгендігінде. Ғылыми жетістіктер мемлекеттің 
эко номикалық және халықаралық мәртебесін 
көрсетеді. 
3 Мәні
– ақиқат болмыстың құбылыстары мен пәндерінің 
арасындағы жасырын, айқын емес, бірақ шын 
мәнінде бар байланыстар түзу, зерттеліп отырған 
құбылысты туғызушы барлық себептер кешенінің 
пайда болуы. Жаңа білімнің анықтығы тек 
хабарланып қана қоймайды, нақты құрылған 
логикалық амалдар мен білімді ұйымдастырудың 
жүйелілігінің көмегімен дәлелденеді.
4 Негізі
– мұраттар мен қағидалар;
философиялық негіздер;
– дүниенің ғылыми бейнесі;
– ұстанымдар, ғылыми аппарат, зерттеу 
стандарты.
5 Мақсаты
– табиғат заңдарының пайда болуына және 
оларды эмпирикалық бақылауға негізделген 
дүниені тиімді тәсілдермен танудың көмегімен 
ақиқатқа қол жеткізу;
– нақты шын білімнің өндірісі мен олардың 
жүйелілігі.
6 Міндеттері
– сипаттау;
– түсіндіру, сыни талдау, жүйелеу, сараптама, жаңа 
білімді тудыру;
– жаңалық ашылуы;
– ойлап табу;
фактілерді, құбылыстарды, үдерістерді, 
үрдістерді, олардың ашылу заңдылықтарын 
зерттеудің пәнін құрайтын ақиқат нысандарын 
алдын ала көру, болжау.
7 Атқаратын 
қызметі 
(функциясы)
– мәдени-өмірлік көзқарас, оның ішінде 
коммуникативтік;
– технологиялық, заманауи дамуды қамтамасыз 
ететін жаңа технологияны жасаумен байланысты 
жобалау-құрастырмалық;


1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
12
1
2
3
4
– аса ірі мәселелерді шешу жолында өзін-өзі 
көрсетудегі әлеуметтік реттеу және күш, мысалы 
экологиялық;
– тікелей өндіруші күш, әлеумет дамуының 
шаруашылық-мәдени факторы. 
8 Деңгейлері
– эмпирикалық;
– теориялық.
9 Құрамы
– өз кезегінде көптеген ғылым пәндерге бөлінетін 
бірнеше дербес ғылымдарды біріктіреді. 
10 Белгілері
дүние танудың тиімді жолы;
жалпы байланыстар мен заңдылықтардың 
реттелген бейнеленуі;
өндіргіш күш;
тәуелсіз дереккөздер және бақылаулардың 
қарама-қайшылықсыз, толықтық, сенімділік, 
шынайылық, жан-жақтылықпен расталатын 
жиынтығы;
тарихи өзгеріп тұратын нормативтер, мәдени-
стилистикалық ерекшеліктерге және ғалымдардың 
ойлау нобайына қойылатын талаптар;
алынған зерттеу нәтижелерін мойындалған, 
ғылымда жеткілікті негізделмеген және 
талданбаған өзге білімдердің еніп кетуінен 
сақтайтын іргелі білімдермен өзара байланысын 
қамтамасыз ететін когеренттілік; 
прогрессиялық, төзбеушілік, жартылай негізді, 
ақпараттық, эвристикалық, эстетикалық 
жинақылық, қарым-қатынастың демократиялық 
және либералдық жүйесі және т.б.
11 Жүзеге асыру 
түрі
– ғылыми зерттеу жүргізу – жаңа білім жасап 
шығару, жекелеген зерттеушіге де, сонымен 
қатар ғылыми жұмыс түрінде – диплом жұмысы, 
диссертация, жоба, т.б. ретінде нәтижелерін 
рәсімдеген зерттеу тобына да танымдық іс-
әрекеттің бір түрі болып табылады.
12 Зерттеу бағыты 
және түрлері
– іргелі – негізделген жаңа білім алу, сонымен 
қатар нәтижесі тікелей өндірістік қолдануға 
болжанбаған зерттеліп отырған құбылыстың 
заңдылықтарын түсіндіру мақсатында жасалатын 
терең де жан-жақты зерттеу. Ол мынадай сұраққа 
жауап береді: «Неге мұндай жолмен жасалады 
және жасалуға тиіс?»;
– ізденістік-қолданбалы – іргелі ғылым 
жетістіктерінің негізінде практикалық мәселелерді 
шешу жолдары жасақталады. Зерттеу нәтижесі 
жаңа технологияны жасаудағы және бұрыннан бар 
технологияны жетілдірудегі нақты ұсыныс болып 
табылады. Ол мынадай сұраққа жауап береді: 
«Қалай және қандай жолмен әрекет ету керек?»;


13
1.1. Ғылым және ғылыми-педагогикалық зерттеу
1
2
3
4
– зерттеушілік және тәжірибелік-жобалау 
жасалымдары – ғылыми жобаны техникалық және 
инженерлік жағынан жетістіруді қамтамасыз ете 
отырып, ғылым өндіріспен жалғасады;
– осы ғылымның, ғылыми пәннің нақты нені 
зерттейтіні туралы ғылыми тұрғыдан қарауға 
жататын ақиқаттың бөлігі, аймағы, аумағы, яғни 
зерттеушінің ойы неге бағытталғаны, не нәрсе 
бейнелену мүмкіндігі, сипатталғаны, аталғаны, 
қабылданғаны, айтылғаны және т.б. Сонымен қатар 
бірнеше ғылыми көзқарастардың болу мүмкіндігі.
13 Пәні
– нысанның зерттеуге жататын айқындалған 
аспектісі (жағы, қыры, бөлігі).
14 Субъектісі
– жекелеген зерттеуші, ғылыми қоғам, ғылыми 
ұжым және т.б., ақырында тұтас қоғам.
15 Мазмұны
– жаңа білім алудағы іс-әрекет және оның 
нәтижесі – дүниенің ғылыми бейнесінің негізі 
болып табылатын жүйеленген білімнің жиынтығы.
16 Әдістері 
– ойлаудың жалпыадамзаттық амалдары 
(талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, 
индукция, дедукция);
– тарихи және логикалық;
– белгілі бір ғылымға немесе ғылыми пәнге және 
олардың өзіндік ерекшелігіне сәйкесті мерзімді 
жүйесі мен амалдары;
– амалдар: 
а) эмпирикалық зерттеу (амалдық, байқау, өлшеу, 
эксперимент т.б.); 
ә) теориялық зерттеу (абстрактіден нақтыға 
шығу, аксиоматикалық, формалдық, модельдеу, 
рефлексия және т.б.).
Әдістер сонымен қатар төмендегіше бөлінеді: 
а) жалпығылымилық; ә) жеке ғылымилық; 
б) арнайы әдістер.
17 Ғылыми таным 
мен зерттеудің 
үдерістері мен 
кезеңдері
Ғылыми таным үдерісі: Ж. Адамар схемасы 
бойынша:
а) ғылыми міндеттерді қоя білу; ә) инкубация; 
б) ой келу; в) Энгеймауэр схемасы бойынша 
логикалық таңдау: а) нұсқаларды бастырмалату; 
ә) нұсқаларды іріктеу.
Ғылыми зерттеудің үдерісі мен кезеңдері:
– ғылыми және әлеуметтік контекстіде мәселені 
ұғыну және бөліп ала білу;
– идеяның тууы, тақырыптың аталуы;
– зерттеу мақсаты пен міндеттерінің пайда болуы;
– болжамның жасалуы, теориялық зерттеу;
– эксперимент жүргізу, ғылыми фактілер мен 
нәтижелерді жалпылау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет