Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет9/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
22
нымдарды, заңдылықтарды, болжамдарды, жіктеулерді, әдістемелік нұс-
қау ларды, ұсыныстарды, оқу құрал-жабдықтарына талаптарды және т.б. 
қам тиды. 
Мемлекеттік және ғылыми ұжымдар мен бизнестің ынтасымен ал-
да тұрған бірнеше қырындағы, оның ішінде зерттеушілік, қаржылық-эко-
но микалық, ұйымдастырушылық және кадрлық, т.б. негізделген ғылыми 
жұ мыстардың жоба-жоспары ретіндегі ғылыми зерттеулерді жүргізуші 
ұйымдар көптеп саналады. Зерттеу жобасы төмендегі белгілермен сипатта-
лады: басымдығы жоғары зерттеу бағытына жатады; дәл белгіленген уа-
қыт та орындалады; оның жүзеге асуына белгілі бір сомада қаражат бө лі-
неді; жоғары дәрежеде жаңалығының, күрделілігінің, әлеуметтік және ғы-
лыми маңызының, алдын ала белгіленген мақсатының болуы; зерттеудің 
эти калық нормаларға сай орындалуын қамтамасыз ететін жоғары сапалы 
мамандарды және белгілі бір басқару жүйесін тартуды талап етеді.
Мысалы, Қазақстан Республикасында 2015–2017 жылдарға гранттық 
қаржыландыру конкурсына қатынасу үшін ұсынылған әлеуметтік-мә де ни, 
халық шаруашылығы және саяси мәнді сұраныстарда жұмыс орында латын 
бағыттар бойынша тақырыптың атауы және ғылыми ба ғыты, ғы лыми 
ізденістің логикасы, күтілетін нәтижесі көрсетіле отырып, ғылыми қауым-
дастықтың келісімімен қабылданған. Сонымен қатар орын дау шы лардың 
жұмыс тәжірибесі, олардың ішінде жас ғылыми қызметкерлер 30 %-дан кем 
болмауы, жобаның сметалық құны, жұмысты орындаудың материалдық-
техникалық базасы және т.б. сипатталады. Ғылым дамуының және ғылыми 
жобаларды орындаудың заңдары мен үрдістерін
білу зерттеушіге өзінің 
ғылыми бағдарын жетекші, алдыңғы қатарлы амалдармен салыстыруға 
және қоғамды дамыту үшін қажетті нәтижелерге жетуге жағдай жасайды.
Классикалық ғылымның ұстанымдарына сүйену оны жан-жақты, бір 
сәт тік, жалпы мәнді, жауапкершіліксіз, сенімді, нақты, тиімді де кең жайыл-
ған, тәжірибеде тексерілген жүйеде қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы, классикалықтан кейінгі мақсаттар мен ұстанымдар қа-
жеттілік пен кездейсоқтықты, себептер мен салдарларды, бөлшек пен бүтінді 
танудың базалық категориясын басқаша ойлауға негізделетін кванттық 
физиканың, генетиканың, релятивистік ғарышнаманың жетістіктеріне сүйе-
неді. Сонымен қатар тұтас бөлшектері қосындысының жағдайына емес
себептілігі өзара қарым-қатынас ықтималдығының жүйесін мойындайды.
Эксперимент жүргізудің де стратегиясы түбегейлі өзгеріске ұшырауда. 
Егер классикалық ғылым экспериментті бірнеше рет қайталап жүргізу 
нәтижесінде алынған, өзгермейтін ғылыми ақиқатты нақтылауды талап 
етсе, постклассика мұны өзгермелі тұрақсыз жүйеде міндетті емес деп са-
найды, себебі мұндай жүйеде қайта-қайта жүргізілген эксперимент нә ти-
жесі өзгермейді деп есептейді.


23
1.1. Ғылым және ғылыми-педагогикалық зерттеу
Ғылымның жаңа сипаттамасы өте күрделі табиғи өзгерістердің пай-
да болуын зерттеуге байланысты түсіндіріледі. Оған медициналық-био-
ло гия лық, экологиялық, биотехнологиялық нысандар, тектік инженерия 
үде рістері, «адам-машина» жүйелері және жасанды зерде, ой-өрісі, т.б. 
жа тады. Олардың ішінде адамды ашық динамикалық түрде дами тын әлеу-
мет тік-биологиялық-ақпараттық жүйе ретінде қарайтын психоло гия лық-
пе дагогикалық зерттеулер елеулі орын алады. Тек солар ғана гуманистік 
ұс танымдар мен құндылықтарға сүйену керектігін, тәрбие мен білім беру 
сияқ ты болмыстың нәзік және күрделі кешенді саласында зерттеу жүргізуге 
шектеу қою және тыйым салу туралы мәлімдеме жасап отыр.
Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулердің тұжырымдамалық негізіне эко-
номикалық және әлеуметтік-саяси мақсаттар мен ғылыми танымның тұл ға-
лық, әлеуметтік-мәдени міндеттері жатады.
Тұжырымдама, зерттеудің мақсаты мен міндеттері ғылым дамуының 
классикалық, классикалық емес, классикалық еместен кейінгі кезеңдердің 
парадигмалары арқылы анықталады.
Әлеуметтік-гуманитарлық, оның ішінде психологиялық-педагогикалық 
танымға дүниені тұтас, сонымен бірге тар көлемде тану тән. Бұл – әлеуметтік 
шындықты табу, баяндау, бейнелеу, сипаттау және қорытындылау (эмпи-
ри калық кезең), зерттеу мәселесі мен болжамын, заңдылықтары мен себеп-
те рін түсіндіре отырып, теориялық және логикалық талдау, ақиқатқа негіз-
делген жоғары дәрежедегі моделін құрастыру, құбылысты жорамалдау жә-
не т.б.
Әлеуметтік-гуманитарлық зерттеудің мақсаты тек қоғамды танып білу 
ғана емес, сонымен қатар оны реттеуге және өзгертуге қатысуы болып та-
былады. Мұндай іздестіруді белсендіруге қоғамды дамытудағы ғылыми 
іс-әрекеттің шарты және нәтижесі болып табылатын инновациялық орта 
ықпал етеді. Оған ғылым саласындағы және инновациялық ортадағы кадр-
лық, ұйымдастырушылық және технологиялық инфрақұрылым мен ин вес-
тициялық стратегиядағы мемлекеттік саясат жатады.
Институционалдандыру (лат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет