1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
28
(оқыту қызметі) бір болуымен байланысты. Бұл объект бойынша әдістеме
бір ғана пәнді қарастырса, дидактика барлық пәнге тән жалпы байланысты
қарастырады», – дейді.
Дидактика кең мағынада оқытушы мен оқушының бірлікте атқаратын
қызметі ретіндегі оқыту өнері дегенді білдіреді.
Дидактика – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың
үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу
заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі
мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық форма-
ларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
«Дидактика» түсінігі мазмұнын толық түсіну үшін қысқаша ғана бұл
ғылыми пәннің дамуына тарихи шолу берген жөн. Тарихта ұзақ уақыт
бойы
«педагогика» терминімен қатар «дидактика» термині бір мағынада қол да-
лынып жүрген. Ең алғаш рет оны ғылымға неміс педагогі В. Ратке (1571–1635)
кіргізген және өзінің дәріс курсына «Дидактикадан қысқаша ғана есеп нәтижесі
немесе Ратихияның оқыту шеберлігі» деп атаған. Осындай мағынаны ұлы чех
педагогі Ян Амос Коменский де қолданған. Ол 1657 жылы Амстердамда өзінің
«Ұлы дидактика» атты белгілі еңбегін бастырып шығарды.
«Дидактика» термині грек тілінен шыққан, яғни «
didaktikos
» – үй ре-
ну ші, ал «
didasko
» – зерттеуші. Я.А. Коменскийдің дидактиканы «бәрін
бәріне оқыту өнері» ретінде қарастыруын осы сөздер оятқан болар. Оның
құрамында ол «жан-жақты моральдыққа бағытталған ойлардың қа лып-
тасуы» туралы оқыту мен тәрбиелеу сұрақтарын қарастырады.
Педагогика ғылымының дамуы барысында дидактика білім беру мен
оқытуға көңіл қоя бастайды. Әлемдік дидактиканың дамуына Иоганн Фри-
дрих Гербарт (1776–1841), И.Г. Песталоцци (746–1827), А. Дистерверг
(1790–1816), К.Д. Ушинский (1824–1870), Д. Дьюи (1859–1952), Г. Кершен-
штейнер (1854–1932), В. Лай (1862–1926) және т.б. үлкен еңбек сіңірді.
XIX-XX ғасырлар аралығында отандық дидактиканың дамуына
П.Ф. Каптерев, С.Т. Шацкий, П.П. Блонский, А.К. Гастев, А.П. Пинкевич,
М.М. Пистрак және т.б. көңіл бөлді. Әсіресе КСРО кезінде отандық дидак-
тикада П.Н. Груздев, М.А. Данилов, Ш.И. Ганелин, Е.Я. Голант, Л.В. Зан-
ков, Б.П. Есипов, М.Н. Скаткин және т.б. табысты жұмыс істеді. Оқытудың
ғылыми негіздемесіне, объектісі мен дидактиканың пәнін анықтауға,
педагогикалық емес ғылымдармен байланысын табуға, дидактикалық
зерттеудің әдіснамасын, оқыту әдістері мен дидактиканың басқа өзекті
мәселелерінің дамуына В.С. Ильин, В.И. Загвязинский, В.В. Краевский,
И.Я. Лернер, М.М. Махмутов, П.И. Пидкасистый және т.б. маңызды үлес
енгізді. Олардың дидактикаға үлесі, басқа зерттеушілер үлесі сияқты,
қазіргі уақыттағы педагогикада туындайтын өзекті мәселелерге жауап
табуға мүмкіндік жасайды.
29
1.1. Ғылым және ғылыми-педагогикалық зерттеу
XX-XXI ғасырлар тоғысында кез келген елдің тұрақты өркендеуін
қамтамасыз ететін ең басты фактор – адам. Өркениетте адам рөлінің ар-
туы, адами капиталдың қоғам дамуының негізгі ресурсына айналуы адам
туралы ғылымдардың ішінде ең алдымен білім беру туралы арнайы ғылым
педагогиканың маңызын арттырды. Ғылымның адамиландырылуына бай-
ланысты ғылыми кеңістікте айтарлықтай өзгерістер пайда болды. Ғылыми
ізденісті жүйелі ұйымдастыруда педагогиканың басқа ғылымдармен үнемі
өзара әрекеттесуінің қажеттілігі артуда. Пәнаралық зерттеу жобаларының
көпшілігінде педагогика жетекші орынды иеленуде. Осындай зерттеулер
жүргізу тәжірибесін тиімді ету үшін оған қатысушы ғылымдардың табиғаты,
мәні айқындалады. Сондықтан да XXI ғасырдағы педагогиканың өзін-өзі
саналы сезінуі өзекті мәселеге айналуда. Белгілі бір ғылымның өзін жете
түсінуі оның басқа ғылымдар арасындағы орнын, рөлі мен маңыздылығын
ұғынуды және бағалауды білдіреді. Тіпті бұл мәселе педагогиканың келе-
шекте дамуымен ғана емес, оның толыққанды ғылым болып қалуымен де
байланысты өзектендірілуде.
Қазіргі түсінік бойынша, дидактика – білім беру мен оқыту мәселелерін
зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады.
Дидактиканың зерттейтін негізгі мәселелеріне төмендегілер жатады:
– білім беру мазмұнының әлеуметтік-мәдени және ғылыми-педа го-
гикалық негіздерін зерттеу;
– оқытудың мәнін, заңдылықтары мен ұстанымдарын ашу;
– оқушылардың оқу-танымдық қызметінің заңдылықтарының сипат-
тамасы;
– оқыту әдістерін дамыту;
– оқу жұмысын ұйымдастыру формаларын жетілдіріп, жаңарту.
Дидактиканың атқаратын қызметі: 1) теориялық (ең бастысы диагнос-
ти калық және болжау); 2) практикалық (нормативтік, құралдық).
Дидактика ғылымының міндеттері: 1) оқыту үдерісін және оны жү зе-
ге асыру шарттарын сипаттау және түсіндіру; 2) оқыту үдерісін ұйым дас-
тыруды жетілдіру, жаңа оқыту жүйесін, модельдерін, технологиясын, әдіс-
тәсілдерін және т.б. жасау.
Дербес дидактика немесе жеке пәндер әдістемесі жекелеген оқу пән де-
рінің өзіне тән ерекшеліктерін, оқу пәнінің мазмұнын, қағидаларын, ұйым-
дастыру формалары мен әдістерін немесе білім беру деңгейлерін (бастауыш
оқытудың әдістемесі, жоғары мектеп дидактикасы, т.б.) зерттейді, осыған
орай ол оқыту әдістемесі деп те аталады.
Дидактика ғылымының құрылымы категориялар мен ұғымдар болып
табылады. Дидактика педагогиканың «тәрбие», «оқушы», «мұғалім» сияқты
жалпы категорияларын пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың өз ка-
тегориялары да бар: «білім беру», «оқыту», «оқу», «оқыту ұстанымдары»,
|