Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет20/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
44
ция сының бай жұмыс тәжірибесін, жетекшіден оқушыға білімді жеткізудің 
ауызша формасының мәні мен әдістемесін мойындайды.
Т.Г. Лешкевич және Л.А. Мирская ғылыми емес білімнің келесі жік-
телуін ұсынады: 
– ғылыми емес: жеке-жеке, жүйеге келтірілмеген, нысанданды рыл ма-
ған, дүниенің қазіргі заманғы бейнесіне қайшы келетін;
– ғылымға дейінгі: ғылыми алғышарттың прототипі ретінде көрінетін;
– ғылымның айналасында: бар гносеологиялық стандартқа сәйкес пей-
тін, түсінік талап ететін, ғылымилық критерийлеріне жауап бере алмайтын;
– жалған ғылымилық: саналы түрде болжамдар мен ескі наным, 
ырымшылдықты пайдаланушылық. Мұндай жағдайда ғылыми білімдерге 
дақ түседі, өзін көрсете біледі және ғылымсымақ арқылы дамыған болады;
– ғылымсымақ: күштеу және мәжбүр ету әдісімен өзіне жақтастар 
және жолын қуушылар іздейді. Ол әдеттегідей сын мүмкін емес жерде 
ғылымның қатаң иерархиясы жағдайына гүлденеді. Мысалы, Кеңестер 
Одағында ХХ ғасырдың 50-жылдарында «ғылымсымақтың салтанат 
құруы» кибернетиканы теріске шығаруы болды;
– ғылымға қарсы: ақиқат туралы саналы түрде бұрмалаушылық 
түсінік. Мысалы, тез қолға түсетін «барлық ауруға ем болатын дәріні» табу 
қажеттілігі. Ғылымға қарсы шығуға ерекше қызығушылық және әуестік 
әлеуметтік тұрақсыздық кезеңде пайда болады. Бұл феномен барынша 
қауіпті болса да, ғылымға қарсы әрекеттен құтыла алмайды;
– жалған ғылыми білім: танымал теориялардың саудаға түсуіне тұтас 
интеллектуалдық белсенділік көрсетеді. Мысалы, қар адамы туралы тарих. 
Қазіргі уақытта білімнің түрлері мен типтерінің көптігі ғылымның 
да, жеке тұлғаның да үздіксіз дамуының кепілдігі болып табылады, себебі 
олардың мәнінің бекіту немесе терістелуі арқылы ғылыми нәтижелерді 
өндіру үдерісінде және оларды бағалау мен қайта бағалауда рефлексия 
жүріп жатады. Бұл ретте ғылымда жағымсыз нәтиже де оңды нәтиже секілді 
бағалы, өйткені олардың назарын танымның басқа қырына бағыттай оты-
рып, ғалымдардың келесі буынын сақтайды.
К. Ясперстің «ғылым үшін қауіптілер» өздерін зерттеуші есебінде 
көр сететін жұмыстарында бос ұқсастықтарды жасайтын, ғылымдағы пле-
бейлердің (ақсүйектер үшін төменгі тап өкілдерін кемсітіп айтатын сөз) 
тобының пайда болуы кез келген дәлел, есептеулерді, сипаттауларды 
келтіріп және оларды эмпирикалық ғылым ретінде мәлімдейді деген сөзі 
зерттеушілер үшін алдын ала сақтануға көмектеседі. Әрбір ақыл-есті, 
ыждағатты адам өзін ғылымға қабілетті деп есептейді, «әрбір өзін қиналып, 
азаптанып істедім деп есептейтін, нәтижесінде жұмысы адам баласы 
мағынасын түсінбейтін шексіз көп нүкте болатын жауапсыз адам өзінің 
көзқарасын, пікірін айтуға батылы жетеді». 


45
1.2. Зерттеуші және педагогикадағы зерттеу әрекеті
Ақыл-ой еңбегінің жалдамалы қызметкерінің кәсіби қызметінің түріне 
айналған ғылыми-зерттеу қызметі өзінің құндылық бағдарын жоғалтпауы 
тиіс. Олар ғылымды мәдениеттің, әсіресе білім беру жүйесінде, тәрбиеде, 
оқытуда және қоғам мүшелерінің инновациялық іс-әрекетте айқын 
көрінетін ерекше формасы ретінде сақтайды.
Ғылымның мәдени қызметі өзін адамды ғылыми қызмет пен танымның 
субъектісі ретінде қалыптастыратын үдеріс есебінде көрсетеді. Жеке та-
ным айрықша жағдайда жаңартылған, әлеуметтік формада жасалады. 
Ғылымның мәдени мәні зерттеушілік ізденістің этикалық және құндылық 
толыққандылығын, ғылыми жаңалықтың салдары үшін әлеуметтік жауап-
кершілік, ғалымның адамгершілік көзқарасын, ғылыми ұжымда жоғары 
адамгершілік ахуал талап етеді. 
Ғылыми еңбектің мәдениеті коммерцияландыру тәуекелін төмендетуге 
мүмкіндік береді, ғылыми ізденістің жан-жақтылығын жүзеге асыруға, са-
тыларда тұрып қалмауға, ақиқатты іздеумен, қанша кіріс кіретіндігімен 
ғана байланысты емес, ғылымды өндірісте қолданудың жағымсыз салдары-
на әкелетін ұмтылысқа да көмектеседі.
Педагогикалық ізденістер, оған қоса нәтижесі білім беруді дамыту жос-
парын жасақтауға пайдаланылатын, ақыл-ой және руханият қоғамының 
қалыптасуын қамтамасыз ететін өзінің басымдық әлеуметтік қызметін 
атқаруға міндетті.
Қазіргі заманғы білім беру мен ғылым үшін жалпы екі мұрат ерек-
ше ленеді: 1) адамзаттың өмір сүруіне ерекше көңіл бөлетін және кейінгі 
ұр пақпен тек білім жиынтығы ғана емес, сонымен қатар адамгершілік 
және моральдық құндылықтарды тасымалдауға ерекше назар аударатын – 
неогуманистік; 2) адам баласы өмір сүруге жағымды жағдай жасауды талап 
ететін – экологиялық. 
Ғылыми дидактикалық жұмыстың табысты болуы үшін зерттеушіге 
ойлаудың постаналитикалық тәсілін қолдануды талап ететін пост клас-
си калық емес әлемнің ғылыми бейнесін сезіну өте маңызды. Ол бірден 
талдаудың үш аймағын уақыт жағынан дәл сәйкес келтіреді: а) тарихи; 
ә) сыни-рефлексивті; б) теориялық. Бұл дидактикалық ақиқатты зерделеу 
және ұсыныстарды жасақтау кезінде ғылыми және ғылымнан тыс фак тор-
лардың өзара қарым-қатынасын, синергетика көзқарасын, жаңа ғылыми-
педагогикалық парадигманы қаперге алуға мүмкіндік жасайды. Ғылымның 
мұраты мен нормалары ол үшін реттеуші ұстаным ретінде қызмет етеді. 
Олар мақсат, зерттеу әрекетінің жүрісін береді және нақты-тарихи сипаты 
болады.
Сөйтіп, ортағасырлық теологиялық құндылықтарды ұстанушыларға 
ғылыми ақиқатқа еркін ізденіс жасау, зерттеуде қатаң детерминизмді 
жоғары дәрежеде ұстау дәуірлеп тұрғанда кездейсоқтыққа жол берілмей, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет