Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет17/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
38
көмектесетін, неғұрлым маңызды қырынан көруге мүмкіндік беретін басқа 
да зерттеушілер еңбектеріне сілтеме жасау және зерттеудің неғұрлым 
маңызды қырлары мен бағыттары туралы мәліметтер алу болып табыла-
ды. Зерттеушінің өзіне назар аудартатын көзқарастары, идеялары, амал-
тәсілдері, фактілері ұсынылған өзіндік идеясы маңына шоғырланады 
да нығая түседі немесе онымен тартысқа түседі. Сараптамадан өтуші 
әріп тестерінің жұмысы туралы тіркелген белгілі авторлардың барынша 
көп болуы жұмыстың ғылыми қызметкерлердің кейінгі буыны алдын-
да айтарлықтай құнды болып табылады. Пайдаланылған әдебиеттер мен 
сіл темелер тізбесі авторлықты нығайтып қана қоймайды, сонымен қа-
тар «дәлелденгенді дәлелдеуді» және ғылыми қормен салыстырғанда 
танымдағы жаңа жұмысты жылжыту дәрежесін көрсетуді қажет етпейді.
Педагогика саласындағы зерттеушіге қойылатын жалпы талаптар тө-
мендегілерге сәйкес келеді:
– педагогиканың адамзат алдындағы жастарды рухани, мәдени, әлеу-
меттік, кәсіби тәжірибе және адамның өмір бойы дамуына қажеттілігін 
өтеудегі жауапты практика, ғылым, өнер ретіндегі ұлылығына таңдану. Со-
нымен қатар тәрбиеленушінің тынымсыз педагогикалық қолдауды қажет 
ететін өмірі мен жеке тұлға ретінде қалыптасуы жолында адал ниетпен, 
риясыз еткен игілікті де ауыр педагогикалық еңбегіне аса зор құрметпен 
қарау және ұлы педагогтарға бас ию. Өмірлік іс-әрекет барысында жеке 
қатынасының болуына әлеуметтік бірлескен мақтаныштың, қолдаудың 
маңызы зор;
– мәселені (тақырыпты) таңдаудан бастап, зерттеу әдістерін таңдауға 
дейінгі ғылыми іс-әрекеттің адамгершілік құндылықтарға, айқын гуманистік 
бағыттылыққа құрылуы. Бұл зерттеу барысында ойдан жасалатын схема, 
модель, әдістерді қолданудан сақтайды, бірақ зерттеу жұмысының артын-
да білім беру және тәрбиелеу үдерісіне қатысушылардың барлығына – 
білімгерлерге де, педагогтарға да, ата-анаға да, басшыларға да пайдасы мен 
көмегі тиетініне көз жеткізуге мәжбүр етеді;
– педагогикалық жұмыс тәжірибесі, білім беру ұйымдарының оқу-
тәрбие үдерісіне міндетті түрде қатысу. Сонымен бірге педагогикалық өтіл 
асыра бағаланбау керек, неғұрлым практик ертерек педагогикалық ақиқатты 
ғылыми тұрғыда ұғынуға кіріссе, солғұрлым кәсіби қайтарымы жоғары бо-
лады;
– педагогикалық қабілет пен іскерлік арқасында педагогиканың, пси-
хо логияның, оқыту әдістемесінің жаңа жетістіктері негізінде оқыту, өзінің 
қызметін ғылыми негізде құруға ұмтылу;
– шыдамдылық, таным мен педагогикалық қызметтің қиындығын 
жеңе білу, жұмысты орындаумен қатар оның маңыздылығын, көркемдігін, 
ұлы лығын түсіне білу. Атқарған қызметтен ләззат алып, рахаттану, таң-


39
1.2. Зерттеуші және педагогикадағы зерттеу әрекеті
дану, толғану, шығармашылық жұмыстан жаңа нәтиже алғандығын мақ-
тан ету, сонымен қатар жеке жауапкершілігін сезіну, еңбегін бағалауда қа-
рапайымдылық көрсете білу;
– шындықты жүзеге асыратын, олардың мән-мағынасын жүзеге асы-
руды сипаттайтын құбылыс туралы білімі, педагогикалық практикалық 
жұмыстан және әдістемелік жетілдіруден айырмашылығы олардың мәнін 
ғылыми тұрғыдан түсіну, жаңа ұсыныстарды түсіндіру және жасақтау; 
– күрделі, кіріктірілген конгломераттар (кездейсоқ қосындылар) мен 
ғылыми-зерттеу қызметін игеру дағдысы, зерттеу жүргізуді ұйымдастыру;
– ірі дәлелдемелерді егжей-тегжейлі түсіндіре, насихаттай алу, 
олард ұсынылып отырған идеяның пайдасына шешу, өзі жүргізіп отырған 
педагогикалық зерттеудің нәтижелерін сақтап қалу.
Дидактика саласындағы педагог ретінде де, ғылым саласындағы қыз-
мет кер ретінде де жалпы талаптарды меңгерген зерттеушіге, бәрінен бұрын 
өзінің жеке көзқарасының артықшылықтарының тереңдігін педагогика 
ғылымы мен практикасының тараулары – жалпы педагогика негіздері; ди-
дактика; тәрбиелеу; менеджмент тұрғысынан көзқарас негізінде бағалау 
ұсынылады. Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі, нақты, дәл анық-
талған нұсқаулары, мақсаттары, логикасы және іс-әрекет мазмұны, өзіндік 
тілі және қол жеткізген нәтижелері болады.
Жетілген, жоғары адамгершілікті адамды «жаратудың» заңдары, ұста-
нымдары, әдістері мен амалдарының негізін қалаушы және жасақтаушы 
тәрбие теориясы зерттеушіден, бәрінен бұрын ғылыми ізденістің айқын 
көрсетілген гуманистік бағытын талап етеді. Бұл мәнмәтінде интуиция
ойлаудың әртүрлілігі, синергетикалық модель, тәрбие стратегиясы мен 
тактикасы өте қажет. Бұл жағдайда зерттеушіге психологияға, этно пе-
дагогикаға, тәрбиенің барлық түріне – интеллектуалдық (ақыл-ой), адам-
гер шілік, физикалық, эстетикалық және т.б. назар аудару қажеттілігі туады.
Білім берудегі менеджмент тарауының мазмұны барлық деңгейдегі 
білім беруді ұйымдастыру мен басқару, мамандармен жұмыс, қоғаммен 
байланыс және т.б. мәселелер қызықтыратындардың назарын өзіне ауда-
руы мүмкін.
Дидактика маманнан оқыту үдерісінің мәнін қоғамдық көзқарас тұр-
ғысынан, оқушы мен оқытушының, көптеген сұрақтардан құралған – 
неге, қандай заңдар мен ережелер негізінде құрылған, не себепті, не үшін, 
кімді, қанша, қалай, қандай түрде оқыту керек, яғни ұтымды ойлай білуге 
сүйеніп, өмірде кездесетін мәселелерді қалай табысты шешіп, қоғамға пай-
далы болуға мүмкіндік беретін оқушының құзыреттілігі мен білімін қалай 
тиімді «өсіруге» болады деген сияқты көптеген мәселелерден тұратын 
метасұраққа жауап табуды талап етеді. 
Егер зерттеушілік қызығушылық адамның қалыптасуының осы жақ-
тарына қарай шоғырландырылса, онда жалпы педагогикалық білім гносео-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет