1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
54
3)
нақты ғылымилық әдіснама
педагогика ғылымының зерттеу әдіс те-
рі, зерттеу қағидасы мен рәсімдерінің жиынтығынан тұрады. Ол рет теуші
қызметті атқара отырып, бір-бірімен нақты зерттеулердің ерек шеліктерімен
сәйкес байланысатын педагогика әдістері мен аралас ғылымдарға қажетті
жиынтықты құруға мүмкіндік бере отырып, сонымен қатар педагогикалық
зерттеу барысында бір мәнді түсінуге қажетті психология, әлеуметтану және
т.б. ғылымдардың және педагогиканың ұғымдық-түсініктік аппаратының
бірегейлігін қамтамасыз етеді;
4)
зерттеудің әдістемесі және техникасы (технология),
яғни бір си-
патты және шынайы эмпирикалық материал жинап, оны алғашқы талдау
үшін қажетті болатын рәсімдері жиынтығы. Оның басты қызметі – құралдық
немесе құралдық-технологиялық. Бұл әрдайым нақты көрінетін нормативті
сипаты бар, яғни тиісті формадағы жоғары мамандандырылған әдіснамалық
білімнің деңгейі болып табылады. Аталған
деңгей қызметтерінің дұрыс
жүзеге асырылуына сай жеке педагогикалық зерттеулердің нәтижесі мен
жалпы, барлық педагогикалық ғылымдардың нәтижелері қалыптасады.
Осылайша, педагогикалық зерттеудің әдіснамасы көп атқарымды және
күрделі зерттеуді, есептеу мен түсінуді қажет етеді.
Әдіснамалық қызметтер философиялық білімнің барлық жүйесін қам-
ти ды. Педагогикалық зерттеуде маңызды рөлді категориялар (мән және
құбылыс; себеп пен нәтиже; қажеттілік пен кездейсоқтық; мүмкіндік пен
шынайылық; мазмұны мен формасы; бірегейлік, ерекшелік және жал-
пылық, т.б), заңдар (қарама-қайшылықтардың күрес заңы; сандық өзгеріс-
тер дің сапалыққа айналу заңы; терістеуді терістеу заңы), қағидалар (тео-
рия мен тәжірибенің бірлігі
қағидасы; зерттелуші мәселеге нақты тарихи
және шығармашылық әдіс қағидасы;
объективтілік қағидасы; үдеріс пен
құ былыстың жан-жақтылығын зерттеу қағидасы) атқарады.
Педагогика әдіснамасы педагогиканың өзге ғылымдар арасындағы ор-
нын, қағидаларын анықтайды, педагогикалық шынайы болмыс туралы
білімге қол жеткізу әдістерін анықтап, әдістердің дамуы мен олардың ғы-
лыми айналымға енуін сипаттайды, құрылымды, педагогикалық теорияның
даму мен қалыптасу әдістерін қарастырады, ғылым мен тәжірибенің ара-
қатынасы үшін тиімділікті орнату тетіктерін іздестіреді, негізгі қағидалары
ғылым жетістіктерін педагогикалық тәжірибеге енгізу әдістерін нақ ты лайды.
Нәтижесінде педагогика әдіснамасын жүзеге асыру жұмысы келесі са-
лаларды қамтиды:
– ғылыми-педагогикалық білім жүйесі (педагогиканың мақсаты,
қыз меттері мен пәні; педагогиканың адам туралы ғылымдар саласындағы
ор ны; педагогикалық пәндердің
жалпы және айрықша мақсаттары; пе-
да го гиканың өзге ғылымдармен байланысы; педагогиканың түсініктік-
терминологиялық жүйесі);
55
1.3. Педагогика әдіснамасы: мәні, қызметтері, негізгі ұғымдары
– педагогикалық құбылыстарды ғылыми таным үдерісі (зерттеу әді-
сін таңдау мәселесі; зерттеу әдістерінің байланысы мен ерекшеліктері; зерт-
теудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері; болжаудың әдіснамалық
мәселелері);
– тәжірибені педагогикалық білімдердің жүзеге асыру саласы ретінде
қарастыру (тәрбиелеу үдерісінің мәнін, заңдары мен заңдылықтарын зерт-
теу; тәрбиенің мақсатын, міндеттері мен мәнін анықтау; тұлғаның қа лып-
тасу факторларын зерттеу және салыстыра талдау; тәрбие үдерісінің қағи-
да ларын, формаларын, әдістері мен ұйымдастыру технологияларын жасау).
Педагогика әдіснамасының даму үдерістерін талдай отырып, ғалым дар
маңызды мәселе ретінде алдыңғы орынға педагогикалық зерттеудің әдіс-
на масы мен әдістемесін қояды. Педагогиканың әдіснамасы ғалымдардың
түсіндіруінше:
– педагогикалық таным (үдеріс) туралы ілім;
– педагогикалық білім ретінде (нәтиже);
– аталған білімді педагогикалық шынайылықты өзгерту үшін қолдану
әдісі;
– теориялық жүйе, педагогиканың ғылыми жүйе ретінде дамуының
жа ңа әдістерін және эмпирикалық жүйе ретіндегі педагогикалық прак ти-
ка ның нысандарын жобалаудың жаңа әдістерін
іздестірумен байланысты
әрекет жайлы ғылыми білім;
– осы әрекетті ұйымдастыру ұстанымдары, мазмұны, құралдары мен
нәтижелері туралы білім;
– қолданылатын танымдық құралдар, әдістер мен тәсілдердің жиын-
тығы;
– танымдық және қайта құрушы қызметті ұйымдастырудың алғы-
шарт тары мен қағидаларын зерттеуші құралдар, білім саласы;
– педагогика ғылымындағы зерттеу әрекетінің бағыттарын, мақсатын
және құрылымын, сондай-ақ жаңа білім алудың ұстанымдары мен әдістерін
анықтайтын жалпы гносеологиялық нұсқаулар жүйесі;
– педагогикалық зерттеу үдерісі және оны қамтамасыз ететін әдістері
зерттеу пәні болып табылатын арнайы пән;
– ғылыми
әдістер туралы теориялық ілім;
– жаңа педагогикалық білімге қол жеткізетін тәсілдер туралы білімдер
жүйесі;
– педагогика әдіснамасы – қайсыбір теория немесе зерттеу бағ дар ла-
масын қабылдайтын немесе жоққа шығаратын ережелер;
– педагогика ғылымындағы зерттеушілік іскерліктің бағыттарын
анықтайтын, оның мақсаттары мен құрылымын, сонымен қатар жаңа бі-
лім алудың қағидалары мен әдістерін қамтитын жалпы гносеологиялық ұс-
танымдар жүйесі;
1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
56
– пәні ретінде педагогикалық зерттеу мен оны қамтамасыз ету әдістері
кіретін педагогика әдіснамасының шеңберіндегі арнайы пән;
– педагогикалық зерттеулердің негізін құрайтын ұстанымдар, жалпы
қағидалар, бағыттар
мен әдістер туралы ғылым білім;
– жаңа педагогикалық білімге қол жеткізуші әдістер мен білімдер
жүйесі ретінде қарастырылады.
Педагогика әдіснамасын тең құқықты түрде құрылып жатқан педа-
гогика ғылымы жүйесіне ендіру, педагогика ғылымы жүйесінің ғылыми
пән ретінде қалыптасу ұстанымдарын В.И. Журавлев, В.И. Гинецинский
мен Б.С. Гершунский секілді ғалымдар жүзеге асырды. Қазіргі уақытта
жалпы педагогика ғылымы жүйесінде А.П. Тряпицына, Н.А. Вершинина
педагогиканың пәнаралық құрылымын зерделеуде.
Педагогиканың әдіснамасы түрлі мағыналарда, мәндерінде және түрлі
қырларында түсінілуі мүмкін. Дегенмен әдебиетке талдау сол авторлардың
бұл мәселеге көзқарастарының жақындай түскенін байқатады. Педаго ги ка
әдіснамасы педагогтардың ғылыми танымның тиімділігі мен нә ти желігіне
жетуді қамтамасыз
етудегі әрекетінің құрылымы, логикалық ұйым-
дастыруы, әдістері мен тәсілдері, олардың мақсаттары мен қызметтері ту-
ралы ілім деп айтып жүр.
Осылайша, педагогика әдіснамасы кең мағынада – теория, оның пәні
зерттеудің жалпы ғылымилық және арнайы әдістерін біріктіретін және
тар мағынада – жаңа ғылыми-педагогикалық ақпарат алу, оны талдау мен
түсіндірудің әдістері туралы білімдер жүйесі ретінде қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: