Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет21/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
46
ғылыми ақиқатты іздеу мүмкін болмады, ал қазіргі ғылыми ізденістің ба-
ламалы парадигмасының даму кезеңінде ізделінді құбылыстың себеп-
салдарлық мәндес тәуелділігінің инварианттығы мойындалмайды.
Ғылыми зерттеудің белгілі бір кезеңге сәйкес мойындалған идеялары 
мен нормалары ғалымдардың байланыстарына, ғылыми-зерттеу жұмыс та-
рын жүргізуге және оларды рәсімдеуге өзіндік із қалдырды.
Сонымен қатар қаржылық кіріс мәселелеріне назар аударсақ, ғы лы-
ми жетістіктерді енгізуге «кірістіру», «кіру» стратегиясы елдердің бә се-
келестігін көтеруші жаңа ғылыми-техникалық идеялардың генераторы 
болғысы келетін елдер қатарына енуге ұмтылатындығын көрсетеді. Егер 
ғылыми ұжым тек қана ғылыми ізденіс жүргізіп және жаңа өнім шығарған 
болса, онда ол толық емес болып есептеледі. Мұндайда неғұрлым тезірек 
жасаған өнімді коммерцизациялап, көрсететін қызметі арқылы нарықта өз 
тұтынушыларын табатындай дәрежеге жеткізу керек. Осындай ғылыми-
техникалық саясат ұлттың стратегиялық артықшылықтарға ие болуға 
қол жеткізетін инновациялық қабілетін дамытуға, ғылыми-техникалық 
әлеу ет деңгейін көтеріп және ғылыми, конструкторлық, өндірістік еңбек-
тер өнімдерін тиімді қолдануды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі
постиндустриялық, ақпараттық қоғамның даму желісі немесе үздіксіз жаңа 
білім қалыптастыру үдерісінде жоғары бағаланатын артықшылық ретінде 
көрінетін білім экономикасы, тұлғаның өзіндік инновациялық бағдарын 
тәрбиелеуге бағытталған білім беру жүйесінің технологиясы болып табы-
лады. Көптеген елдер өздерінің инновациялық-инвестициялық стратегия-
сын жасап, жүзеге асыруда. Олар елдің интеллектуалдық ресурстарын 
толықтырып отыратын, табиғи да, адами да құндылықтармен қатар жоғары 
бағаланатын ұлттық инновациялық жүйенің экономикалық білімінің инс-
титуциялық негізін қалыптастыруды мақсат етеді. 
Дамыған елдерде ғылым және жоғары технология саласында бүгінгі 
күні 25 %-ы еңбек ресурстарымен қамтылған. АҚШ-та 8 %-ы жоғары білікті 
азаматтар ЖІӨ-нің 20 %-дан астамын құрайды, жалпы әлемдік шығынның 
40% шамасында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұ-
мыс тарға жұмсалады (НИОКР). Қызметкерлердің 66 %-ы жоғары және 
аяқ талмаған жоғары білімді және ел ол көрсеткішті 90 %-ға жеткізуге ұм-
тылуда.
Мұның бәрі, шындығында, әртүрлі саласындағы ғылыми зерттеулер ді 
және ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізуге қабі лет-
ті, ақиқаттың жаңа сұраныстарын тез меңгеру практикасы бар, экономика-
лық сауатты, кәсіби құзыретті, ұтқырлық, этикалық жауапкершілігі мол, 
креа тивті, ғылымның осы саладағы негізін қалаушылардың құндылықта-
рын лақтырып тастамайтын қоғам мүшелерінің санын ұлғайту қажеттілігін 
дәлелдейді.


47
1.2. Зерттеуші және педагогикадағы зерттеу әрекеті
Педагог-практиктің қызметінің мақсаты мен педагог-зерттеушінің 
мақ саты жұмысының нәтижесіне қарай ажыратылады. Біріншіге оқу шы-
лар ды оқыту мен тәрбиелеуде оңды нәтижеге жету, ал екіншіге білім беру 
са ласындағы практик қызметкер әрекетінің тиімділігін ғылыми көзқарас 
арқылы негіздеу, білім берудің барлық деңгейлеріндегі ұйымдардың 
жұмысын жетілдіруге жаңа әдістер ұсыну, білім саласын дамытудың 
келешегін айқындау, осыған нақты түсіндірме табу маңызды.
Дидактика саласындағы зерттеудің әдіснамасын, әдістерін, техноло-
гияларын, техниканы меңгеру зерттеушінің тұлғалық дамуына, сонымен 
бірге құзыреттілікке жетуіне ықпал етеді. Сөйтіп, оқу материалын оқып 
білу үдерісінде қалыптасқан жалпы мәдени құзыреттіліктер ғы лы ми 
дүниетанымды кеңейтіп тереңдетеді, өзінің интеллектуалдық жә не жал пы 
мәдени деңгейін жетілдіруде және дамытуда, өз қызметінде әлеу мет тік-
мәдени жағдайға бейімделуде жаңа идеяларды жасау қабілетімен қа ру лан-
дырады.
Кәсіби құзыреттіліктер зерттеушіні дидактиканың іргелі бөлімдері мен 
соңғы жетістіктерін игеріп, ғылыми-зерттеу міндеттерін шешуді қамтама-
сыз етеді. Осы құзыреттіліктерді игеру арқылы жұмысты өз бетінше жоспар-
лау біліктілігі, дидактика саласында ғылыми зерттеудің нақты міндеттерін 
айқындау іскерліктері, оларды ақпараттық технология көмегімен ең жаңа 
отандық және шетелдік тәжірибенің көмегімен шешу қалыптасады. 
Жалпы кәсіби даярлық зерттеу типтері туралы ұғым береді:
– іргелі зерттеулер дидактика теориясын, оның әдіснамасын және 
ғылыми статусын ғылым ретінде жасақтауға бағытталған. Іргелі зерттеулер 
нәтижелері әруақытта және бірден білім беру практикасына тікелей шыға 
алмайды;
– қолданбалы зерттеулер үлкен дәрежелі практикалық міндеттерді не-
месе практикалық бағыттағы теориялық мәселелерді шешеді. Қолданбалы 
зерттеулер іргелі жаңа ашылулар мен практиканың арасына «көпір» жасай 
отырып, іргелі зерттеулерді логикалық түрде жалғастырады;
– білім беру жүйесін оқу-әдістемелік құжаттармен – оқу бағдарла ма-
лары, әдістемелік құралдар, ұсыныстар және т.б. тікелей қамтамасыз етуші 
ретіндегі жобалау жұмыстары.
Сонымен қатар ғылыми-зерттеу құжаттарын жасақтауға және рәсім-
деуге, ғылыми есептерді, шолуларды, баяндамаларды және мақалаларды 
жазу дағдыларын практикада қолдануға дайындық туындайды. Оларға ғы-
лыми-зерттеу қызметін этикалық, экологиялық талаптарды ескере отырып 
орындау қабілеті және ғылыми авторлық құқығын жүзеге асыруды қам та-
масыз ету жатады.
Дидактикалық құзыреттілік сабақтарды классикалық, дәстүрлі және ин-
новациялық тұрғыда өткізуге дайындықты нығайтады және дидактикалық 


1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
48
жағынан сауатты ұйымдастыру мен ізденісті қамтамасыз етеді. Олардың 
қалыптаса бастауы алдыңғы қатарлы педагогикалық тұжырымдамалардың 
мәнін меңгеріп, зерттеудің ғылыми аппаратын жасақтай білуді меңгеруге, 
теориялық идеялар мен ережелерді аналитикалық-синтетикалық тұрғыда 
жүзеге асыруға, эксперимент жүргізе білуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет