Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет13/150
Дата23.11.2023
өлшемі3,8 Mb.
#193117
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
30
«оқыту үдерісі», «оқыту мақсаты», «міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, 
құралдары, оқытудың құралдары, оқытудың нәтижесі». Дидактиканың 
негізгі міндеті – оқу үдерісіне әсер ететін заңдылықтарды анықтау және 
бұл заңдылықтарды білім беру мақсатында неғұрлым табысқа жету жо-
лында пайдалану. Дидактика білім беру мазмұнын ғылыми негіздеумен, 
яғни «нені оқыту керек», оқытуды ұйымдастырудың формалары, әдістері 
мен ұстанымдарын зерттеумен, яғни «қалай оқыту керек», сол сияқты 
оқушының шығармашылықпен белсенді еңбектенуіне, жеке басының да-
муына мүмкіндік жасаумен айналысады.
Дидактика барлық пән бойынша және оқу әрекетінің барлық дең гей ін- 
дегі оқыту жүйесін қамтиды. Қамтудың көлеміне қарай жалпы және жеке 
болып бөлінеді. Жеке дидактика сабақ беру әдістемесі болып табылады. 
Дидактика – оқытудың педагогикалық теориясы. Білім беру – адамның, 
қоғамның және мемлекеттің мүддесіне сай тәрбие мен білім беру мақсатына 
бағытталған үдеріс. 
Педагогика ғылымы оқыту мен тәрбиені ерекше бірлік пен бүтіндік 
деп танып, әлеуметтік және тұлғалық себепті байланыста өсіп келе жатқан 
ұрпақты қоғам өміріне үйрету мақсатына бағытталған қызметі ретінде 
зерттейді. Бұл – жалпы педагогиканың объектісі. Бірақ бұл қызметтің әр екі 
бөлшегін жақсылап, толығырақ және нақтырақ қарастыру мен ең нәтижелі 
біріктіру үшін оған сәйкес педагогикалық пәндер, яғни оқыту теориясы 
және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі белгіленеді. Оқытуды толығырақ 
деңгейде теория жағынан зерттейтін педагогикалық пәнді дидактика деп 
атайды.
Дидактика нені зерттейді және зерделейді? Дидактика дегеніміз – оқы-
тудың мазмұнына, әдістеріне және ұйымдастыру түрлеріне ғылыми не-
гіздеме беретін оқытудың педагогикалық теориясы. Дидактика, қорыта 
келгенде, мынадай жалпы екі сұраққа жауап беруі тиіс: «Нені оқыту ке-
рек?» және «Қалай оқыту керек?». Бірақ бұл сұрақтарға жауап берер жо-
лында көптеген басқа сұрақтар туындайды және олардың ішінде мынадай 
маңызды сұрақтар да кездеседі, мысалы, «Оқыту қалай жүріп жатыр және 
оған қандай заңдылықтар тән?» және «Қайда оқыту керек?».
Негізінен, дидактиканы білім беру мен оқыту теориясы ретінде анық-
тайды. Мұндай жағдайда білім оқытудың нәтижесі ретінде, ал оқыту «білім 
беру жолы» ретінде көрсетіледі. 
Сонымен, дидактика – оқытуды теориялық деңгейде зерттейтін пе-
да гогикалық пән. Сондықтан практикалық әрекет теориясы, яғни оқыту 
әрекетінің теориясы қажет. Бұл – дидактиканың дәл өзі.
Қазіргі дидактикаға төмендегі ерекшеліктер тән: 
– оның әдіснамасын гносеология – таным философиясы мен теория-
сы құрайды;


31
1.1. Ғылым және ғылыми-педагогикалық зерттеу
– оқыту үдерісі сезімдік қабылдау мен білімді меңгеру және алған 
білімді, дағдыны еркін қолдана білудің бірлігі ретінде түсініледі;
– теория мен практиканың, білім мен біліктің, мұғалімнен алған мен 
өз бетінше ізденіс арқылы ие болған білім көлемінің арасындағы қарама-
қайшылықты жоюға ұмтылу;
– педагогикалық басқарудың оқушының белсенділігімен үйлесімді-
лігі;
– оқу курстарының, оқушылардың әртүрлі талаптарына ықпалдасу 
үдерістерін дифференциалдауды және интеграциялауды күшейту.
Дидактика бір мезгілде теориялық та, қолданбалы ғылым да болып та-
былады. Ол гносеология, ақпараттық ғылымдар, психология, пе да го ги калық 
психология, ойды сөзбен жеткізе білудегі риторика, кибернетика, әлеу-
меттану, педагогика тарихы және басқа ғылымдармен тығыз байланысты.
Қазіргі дидактикалық зерттеулердің негізін қалаушы бағдарларға:
а) жаратылыстану-ғылыми; ә) инженерлік-технологиялық; б) гуманитарлық 
(И.В. Шалыгин, И.И. Логвинов, В.В. Ильин, В.М. Розин және басқалар) 
бағдарларды жатқызуға болады. Әрбір бағыттың аясында өзіндік мәселе 
мен әдіснама жүзеге асады. 
Педагогикада XX ғасырда кеңінен қолданылған танымның ғылыми 
жаратылыстану-ғылыми мұраттары заңдар мен заңдылықтардың, экспе-
ри менттерді қадағалаушы теориялардың жасақталуына, статистикалық, 
психологиялық, әлеуметтік әдістерді қолдануды кеңейтуге көңіл аудару-
ды, мүмкіндік беруді талап етеді. Бірақ педагогикалық нақтылықта кө бі-
несе жалғыз ғана «сенімді» теориялық және практикалық шешімдерге 
ба ғынбайтын көп өлшемді мәселелер кездесіп отырады, жаратылыстану-
ғылыми тәсілдер көбінесе «іске қосыла бермейді», сондықтан педагогика-
ны ғылым деп есептеуге бола ма деген сұрақ туады.
Инженерлік-технологиялық парадигманы жақтаушылар жаңа білімді 
іздеу зерттеліп отырған нәрсенің пайда болу алгоритмінің жасақталуына 
әкелу керек деп есептейді.
Ғылыми танымды гуманитарлық тұрғыдан қарастыру гуманитарлық 
ғылым мен педагогикалық ізденіске жетелейді.
Педагогика, жаратылыстану ғылымдарының ізімен жүре отырып, 
субъектіге тәуелсіз, нақты, ақиқат білімді іздейді, ал гуманитарлық мысал-
да субъективті, рефлексивті, яғни білмеу туралы білім және білу туралы 
білімді қарастырады.
Бұл тұрғыда педагогика үшін М.М. Бахтиннің жаңалығы өте бағалы, 
онда кез келген тіршілік иесі үшін мәдениет диалогы туралы зерттеудің 
келесі бір бағыты – өзге ой туралы ойдың, сөз туралы сөздің, мәтін туралы 
мәтіннің пайда болуынан пайда болатын гуманитарлық ойдың туындайты-
ны айтылады. Осыған байланысты гуманитария зерттеушілері аймағында 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет