4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
240
ғылым заңдылықтарына сәйкес келмеуі; педагогикалық құбылыстардағы
жалпы, ерекше және жеке-даралықтың диалектикалық бірлігі ұстанымы;
педагогикалық теория мен практиканың өзара байланыстылық және өзара
тәуелділік ұстанымы.
Б.Т. Лихачев педагогикалық үдерістегі ересектің орнын ұйымдас ты-
рушы ретінде жоғары бағалай отырып, бала ықпал ету объектісі ғана емес,
даму үстіндегі белсенді әрекеттенуші, ол әрқилы әлеуметтік себепші іс-әре-
кеттердің нәтижесінде өзгеріп, дамып отыратын және осыған сай өзін-өзі
тәрбиелеудің субъектісі бола алатынын көрсетеді. Бұған қоса Б.Т. Лихачев
педагогикалық үдерістің тағы басқа бір ерекшелігін – оқыту мен тәрбиелеу
әдістерінің бірлігін көрсетеді.
Негізгі ғылыми еңбектері: «Эстетическое воспитание в школе. Вопро-
сы системного подхода» (1980), «Эстетическое воспитание школьной мо-
лодежи» (1981), «Система эстетического воспитания школьников» (1983).
Никандров Николай Дмитриевич 1936 жылы
Ленинград қаласында дүниеге келген. Ресей Білім
академиясының президенті (1997–2013), педагогика
ғылымдарының докторы, профессор.
Академик Н.Д. Никандровтың ғылыми зерт теу-
лерінің негізгі бағыттары: салыстырмалы педагогика,
педагогика әдіснамасы, жоғары педагогикалық мектеп
дидактикасы. Ол ХХ ғасырдың 70-жылдары бірқатар
батыстық елдердің жоғары білім беру жүйелерінің
салыстырмалы талдауын жасады. Салыстырмалы
педагогиканың сипаттаушы, түсіндірмелі және құрастырушылық қызметтерін
қамтитын анықтамасын ұсынды. Педагогиканың әдіснамалық мәселелерінің
типтерін анықтады. Жоғары педагогикалық білім мазмұнын құрастыру және
студенттердің танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселелерін зерделеді. Ол
«Жоғары мектеп педагогикасы», «Педагогикалық институтта оқу-тәрбие
үдерісін ұйымдастыру», «Мамандыққа кіріспе» атты оқу құралдарының авторы.
Ғалымдардың зерттеулері, әдіснамалық семинарларда, «Педагогика»
журналы редакциясындағы пікірталастарда, монографияларда, конферен-
ция материалдарында педагогика әдіснамасы ұстанымдық деңгейде көрініс
тапты. Нәтижесінде педагогиканың өз құрылымында оның әдіснамасы
жеке ғылыми пән ретінде қарастырыла бастады. Теоретиктер мен практик-
тер арасында педагогика әдіснамасының маңыздылығы артты. Педагогика,
сондай-ақ педагогика әдіснамасы саласында ғылыми мектептер қалыптаса
бастады.
Достарыңызбен бөлісу: