№ 4 тапсырма.
Келесі терминдерді пайдалана отырып:" меншік",
" кәсіпкерлік"," шағын және орта бизнес"," мейрамхана"," кафе"," асхана","
кішігірім
кәсіпорын", тамақтану кәсіпорындарын ұйымдастыру
бойынша өз
идеяларыңызды, жоспарларыңызды
жазыңыз.
Жеке бағалау тапсырмасы
Сабақта алынған ақпаратты жинақтап, тамақтану кәсіпорнының түрін
көрсете отырып, өз бизнесіңізді ашу (жеке кәсіпкерлік) бойынша сіздің іс
-
әрекеттеріңізді
сипаттаңыз.
3.2.
тақырып.
ҚАРЖЫ
-
ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ
ҰЙЫМДАСТЫРУ
БОЙЫНША ТАМАҚТАНДЫРУ
КӘСІПОРЫНДАРЫ
ГЛОССАРИЙ
Есеп саясаты
—
бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерінің жиынтығы
-
бастапқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтастыру және шаруашылық
қызмет
фактілерін қорытынды жинақтау.
Қаржылық есептілік
-
экономикалық субъектінің есепті күнгі қаржылық
жағдайы, оның
қызметінің қаржылық нәтижесі және есепті кезеңдегі ақша
қаражатының
қозғалысы туралы заңнамалық Ережелерде белгіленген
талаптарға сәйкес жүйелендірілген ақпарат.
Бухгалтерия
-
шаруашылық
жүргізуші
субъектінің
мүлкі
мен
міндеттемелері туралы деректерді
жинақтауға арналған штаттық
-
құрылымдық
бөлімшесі. Бухгалтерия тиімді шаруашылық жүргізуді
қамтамасыз
ету мақсатында басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті
құжаттық
негізді және құрылымдалған экономикалық ақпарат көзі болып
табылады.
Қаржылық
есептіліктің халықаралық стандарттары (ҚЕХС; IFRS
ағыл. International Financial Reporting Standards)
-
кәсіпорынға қатысты
экономикалық шешімдер қабылдау үшін сыртқы пайдаланушыларға қажетті
қаржылық
есептілікті жасау ережелерін регламенттейтін құжаттар
(стандарттар мен интерпретациялар) жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |