Несиенің қайтарымдылығы
-
бұл өз иесіне уақытша пайдалануға
алынған құнның қайтарылуын сипаттайтын кредитке объективті тән ерекше
қасиет
.
Несие желісі
-
қарыз
алушыға берілген қаражатты ішінара жұмсауды
көздейтін несие түрі.
Пайыз нормасы
-
пайыз сомасының несие капиталының мөлшеріне
қатынасы. Пайыз нормасы динамикалық өлшем болып табылады.
Маржа (франц. marge
-
шеткі)
-
банк берген несие үшін пайыздық
ставканың және банк сатып алған ресурстар үшін төлейтін ставканың
арасындағы айырмашылық.
Несиелік капитал
-
бұл өндірістік капитал, еңбек және жер сияқты,
сондықтан өнімділікке ие қоғамдық өндірістің факторы. Оның иелеріне ол
пайыз түрінде табыс әкеледі.
Пайыз
-
бұл кредитордың табиғи табысы (пайыз капиталға дейінгі
дәуірде болған), яғни қарызға берілетін ақшалай капиталға түсетін табыс.
ТЕОРИЯЛЫҚ
МАТЕРИАЛ
Экономикадағы кредиттік қатынастар белгілі бір әдіснамалық негізде
негізделеді, оның элементтерінің бірі кредиттік операцияларды практикалық
ұйымдастыру кезінде қатаң сақталатын қағидаттар болып табылады. Бұл
қағидаттар несие беру және өтеу тәртібін, оларды құжаттамалық ресімдеуді
белгілейді. Олар несиенің мәні мен мазмұнын, сондай
-
ақ кредиттік қатынастар
саласындағы негізгі экономикалық заңдардың талаптарын көрсетеді. Қарыз
алушыға кредит берілетін ерекше шарттар кредит берудің негізгі
қағидаттарын (ережелерін) құрайды
:
Несие
беру принциптері және олардың қысқаша мазмұны
Принцип атаулары
Принциптердің қысқаша мазмұны
Қайтарымдылық
Несие өтелуі тиіс
Шұғылдық
Несие келісілген мерзімде қайтарылуы
тиіс
Несиені қамтамасыз ету
Несиені қайтару кепілмен немесе
кепілгерлікпен қамтамасыз етілуі тиіс
Мақсатты пайдалану
Несиені мақсатты пайдалануды бұзу оны
мерзімінен бұрын қайтарып алуға құқық береді
Ақылылығы
Қарыз
алушы несиені пайызымен қайтаруға
міндетті
24
кесте
.
Несие беру принциптері
Достарыңызбен бөлісу: |